БҚО кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

БҚО кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды

16 маусымда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға өңірдің экспорттаушылары, «QazTrade» АҚ, « Kazakh Invest» АҚ, «Aqgaiyk ӘКК» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында «QazTrade» АҚ өңірлік өкілі Арыстанбек Искаков экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары туралы айтып берді. Бүгінгі таңда Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ желісі бойынша кәсіпкерлерге 20-ға жуық шара қол жетімді. Бұл тауарларды экспорттау шығындарының бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация бағдарламалары және халықаралық маркетплейстерге шығару, сервистік қолдау шаралары. Отырыс қорытындысы бойынша бизнес өкілдері экспортты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін қолдану жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігіне қызығушылық білдірді.

Анықтама: 2022 жылы Батыс Қазақстан облысында өңделген тауар айналым 1290,5 млн АҚШ  долл.құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 30% артық. Өңірдің шикізатттық емес экспорт 63%-ға жоғарлап 250,8 млн АҚШ долл.құрады.Батыс Қазақстандық экспортерлар негізінде көп жолдайтындары бұрғылаушы құбырлар, сұйықтатылға мұнай газы, трансформаторлар, ұн, дистилляторлар мен азық –түлік, шойыннан жасалған бұйымдар, макорон өнімдері және басқа да тауарлар.

 

 

 

Пікір қалдыру