Башқұртстан – Ресейдің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Мұнда өнеркәсіп, агроөңдеу және ритейл бүкіл РФ бойынша орташа көрсеткіштерден жылдам өсуде. Бұл – миллиондаған тұтынушылары бар, логистикасы дамыған және Қазақстанның сапалы өнімдеріне жоғары сұраныс қалыптасқан нарық.
2025 жылдың 3–7 желтоқсаны аралығында Уфа қаласында «Бизнес апталығы – 2025» халықаралық іс-шарасы аясында QazTrade және ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастыратын Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтеді.
Миссияның негізгі мақсаты:
Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ аймақтың жетекші дистрибьюторларымен, сауда желілерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және инвесторларымен тікелей B2B байланыстар орнату.
Сізді не күтіп тұр:
– Қазақстан–Башқұртстан бизнес-форумы
– Уфа және өңірдің ірі компанияларымен келіссөздер
– Халықаралық бизнес-алаң (Қытай, Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, БАӘ)
– Көрме аймағына қатысу
Неліктен Башқұртстан — стратегиялық нарық:
– 4 млн+ тұтынушы
– Ресейдің өнеркәсіп орталығы
– Аграрлық сектор, қайта өңдеу және мұнай-химияда мықты позициялар
– Қазақстан өнімдеріне жоғары сұраныс
– Өңірлер арасындағы қалыптасқан кооперациялық байланыстар
Қатысуға шақырылады:
Агроөнімдер, сусындар, FMCG, косметика, химия, қаптама, құрылыс материалдары, өнеркәсіп өнімдері, жабдық, IT-шешімдер және қызметтер өндірушілер.
Күні мен байланыс:
3–7 желтоқсан 2025 жыл.
Уфа, Башқұртстан Республикасы (РФ).
Ұйымдастырушы: QazTrade, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және Башқұртстан Үкіметінің қолдауымен.
Тіркеу:
https://docs.google.com/forms/d/1ZTsieiciNcv4tIIRT7mkJlpKJZWKnSmqTXC_snDtt7Y/edit
Байланыс телефоны: Макпал
Ресейдің стратегиялық маңызды нарығына шығу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!




