Астана қаласының кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Астана қаласының кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

 

11 қарашада Астана қаласының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Сондай-ақ кездесуге «QazIndustry»АҚ өкілдері қатысты.

Жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары Айымгүл Нұрғалиева шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің отандық экспорттаушыларын қолдау бойынша QazTrade құралдарын (экспорт бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация бағдарламасы, халықаралық электрондық платформаларға шығару, сервистік қолдау шаралары, талдамалық қолдау) егжей-тегжейлі таныстырып, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Елордалық компаниялар QazTrade-мен белсенді ынтымақтасады және қолдау шараларын пайдаланады. Ағымдағы жылы 30-дан астам компания экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары болып, 16-сы Alibaba маркетплейсінде «алтын» жеткізуші мәртебесін алып, 8-і сауда-экономикалық миссияларға қатысып, экспорттық келісімшарттарға қол қойды және 16 экспорттаушы өздерінің көлік шығындарының бір бөлігін, сондай-ақ өз өнімдерін жылжыту шығындарын өтей алды.

 

 

Пікір қалдыру