Астана қаласының кәсіпкерлері экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау құралдарымен танысты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Астана қаласының кәсіпкерлері экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау құралдарымен танысты

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында «KazakhExport» АҚ ұйымы, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұйымдарының көмегімен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн-семинар өткізді.

«QazTrade» АҚ, Жобаларды дамыту департаменті Директорының орынбасары Нұрсұлтан Сейтхалиев іс-шараға қатысқандарға шетелдік нарықтарға шығу (экспортты жеделдету бағдарламасы, электрондық-сауда алаңдарына шығару, сауда-экономикалық миссиялар, халықаралық көрмелерге қатысу, оқыту, өнімді тасымалдау мен ілгерілетуге және экспорттық шығындардың бір бөлігін өтеу) бағдарламалары бойынша қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Мысалы, «Экспортты жеделдету» бағдарламасы қазақстандық шикізаттық емес компанияларға шетелдің нарығын тиімді игеруге көмектеседі. 2023 жылы бұл бағдарламаға тамақ, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету секторынан 111 кәсіпорын қатыса алды. Н.Сейтхалиев хабарлағандай, 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Alibaba электрондық сауда алаңына шығуға және экспортты жеделдету бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында QazTrade Academy жобасының үйлестірушісі Саят Әшімов семинарға қатысқандарға экспорттаушыларды оқытатын білім беру орталығы туралы айтып өтті. QazTradeAcademy онлайн-форматта керекті білім алуға мүмкіндік беріп, халықаралық сауда мен экспорттың барлық бағыттарын қамтиды.

Білім беру орталығының жұмыс істеген уақыт аралығында жиыны 3004 қазақстандық экспорттаушы сертификат алса, оның 1692-сі әйелдер (56%). Қазақстанның 17 қаласы қамтылып, жиыны 29 оффлайн-семинар өткізілді. Qaztradeacademy.kz онлайн платформасында «Ақылды Экспорт» бизнес-тәжірибе шеңберінде (3 деңгейде қиындатылған) 49 вебинар, сондай-ақ 9 мамандандырылған модульдік курс жүктелген.

Саят Әшімов семинарға қатысушыларды QazTradeAcademy аясында ұйымдастырылған (ағымдағы жылдың 27 ақпан – 1 наурыз аралығында) өтетін 4 күндік онлайн-марафонға қатысуға шақырумен сөзін аяқтады. Нәтижесінде экспорттаушылар халықаралық сауда және экспорт туралы 72 сағаттық курстан жақсы өткені туралы сертификат алады.

 

Анықтама:

2023 жылы астаналық кәсіпкерлер өңделген өнімді 2022 жылмен салыстырғанда 3,8 млрд АҚШ долларына немесе 13,5% артық экспорттады.

Пікір қалдыру