Asia Agro форумында АӨК өнімдерін экспорттау перспективалары талқыланды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Asia Agro форумында АӨК өнімдерін экспорттау перспективалары талқыланды

Астанада 2023 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ірі кәсіпорындарының қатысуымен Asia Agro халықаралық инвестициялық форумы өтті.
«Қайта өңдеу саласының трендтері» сессиясында «QazTrade» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және «Атамекен» ҰКП сарапшылары Аgrigo Group және AMANDUS Kahl кәсіпорындарымен бірлесіп әлемдік ауқымда қайта өңдеу секторын дамыту туралы өз көзқарастарын ұсынды.
Өз сөзінде «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров экспорттық нарықтарда қалыптасқан ахуал, сондай-ақ Қазақстанның АӨК саласындағы сауда мүмкіндіктері туралы айтып берді.


Сессия шеңберінде қатысушылар қазақстандық агроөнімдерді сыртқы нарықтарға жеткізуді ұлғайту шарттарын талқылады, үлкен сұранысқа байланысты отандық экспорттаушыларды қолдау құралдарын ұлғайту жөнінде пікір алмасты.
Форум аясында АӨК өнімдерін қайта өңдеу саласында жекелеген бизнес-жобаларды іске қосу және мемлекет пен іскер қоғамдастық арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жұмыс топтарын құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

Пікір қалдыру