Ақтөбедегі бизнес-таңғы аста өңір кәсіпкерлеріне QazTrade желісі бойынша экспорттаушыларды қолдау құралдары таныстырылды. Іс-шараны 30 маусымда QazTrade, QazIndustry, KazakhExport-тың қатысуымен Ақтөбе қаласының «Банк ЦентрКредит» филиалы ұйымдастырды.
Кездесу барысында «QazTrade» АҚ-ның өңірлік өкілі Арыстанбек Ысқақов қатысушыларға компанияның экспорттық қызметі кезінде мемлекеттік қолдау шараларын қалай алуға болатындығы туралы айтып берді. Атап айтқанда, тауарларды шетелге экспорттайтын кәсіпкерлер өнімді тасымалдау және ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеуге сене алады. Сондай-ақ, QazTrade базасында тауарларды халықаралық Alibaba.com маркетплейсіне шығару және экспорттық акселератор бағдарламалары жұмыс істейді.
«QazTrade» АҚ-ы өзінің алдына халықаралық нарықтарға, қаржыға, технологияларға және басқару дағдыларына қол жеткізу арқылы өңірлердегі шағын және орта бизнестің экспорттық мүмкіндіктерін арттыру міндетін қойып отыр», – деп атап өтті компанияның өңірлік өкілі кәсіпкерлермен кездесуде.