Алматы облысының экспорттаушыларына мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Алматы облысының экспорттаушыларына мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

13 қыркүйекте QazTrade Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаевтың қатысуымен өңірдің экспорттаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде кәсіпкерлерге отандық шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету бойынша  мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты таныстырылды. Іс-шара барысында ұсыныстар мен проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «Nur Kagazy» ЖШС, «Plast Invest Production» ЖШС, «Empire Food» ЖШС, «Green Land Alatau» ЖШС, «KZ Recycling» ЖШС және «Dolce» ЖШС-нің сұранысы бойынша экспорттаушыларға тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтеуді қамтамасыз ету механизмі, өнімді ілгерілету, экспортты жеделдету бағдарламалары және электрондық сауда алаңдарына қол жеткізу, сондай-ақ көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу бойынша түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ, іс-шараға «KazakhExport» АҚ, «QazIndustry» АҚ, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Талғар және Қарасай аудандарының әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, кездесу барысында QazTrade USAID-пен бірлесіп Алматы облысы бойынша экспорттық стратегияның жобасын таныстырды. Осы жобаны іске асыру жоспарын талқылағаннан кейін тараптар оны іске асыру туралы шешім қабылдады. Стратегия облыстың экспорттық қызметін дамытудың басым бағыттарын айқындайды және одан әрі тұрақты дамудың бағдары болып табылады. Оны іске асыру жөнелтілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлемінің өсуін қамтамасыз етеді, өңірлік тауар өндірушілер өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

14-15 қыркүйекте QazTrade басшылығы бірқатар экспортқа бағытталған кәсіпорындарды аралады, оның ішінде желдеткіш жабдықтардың ірі өндірушісі «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, алкогольсіз сусындар экспорттаушысы «Galanz Bottlers» ЖШС, пластик қақпақтар мен жабуға арналған қақпақтардың жетекші жеткізушісі «Bericap Kazakhstan » ЖШС және «Лукойл Лубрикант ОА» ЖШС-нің жағармай өндірушісі. «Бахус» АҚ, «Аралтұз» АҚ және «Голд Продукт» АҚ компанияларының басшыларымен жеке кездесулер өткізіліп, оның барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысты бизнес өкілдерінің алдында тұрған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

QazTrade бас директоры Азамат Асқарұлы экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті:

«Сауда министрлігі мен QazTrade басым міндеттерінің бірі – шикізаттық емес экспортты дамыту болып табылады. Біз әрдайым бизнеспен сындарлы диалогқа ашықпыз және отандық экспорттаушыларды қолдаудың экожүйесін жақсарту бөлігінде белсенді жұмысты жалғастырамыз».

Іссапар барысында Іле ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, онда отандық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылып, жан-жақты түсіндірілді.

Анықтама үшін: Алматы облысының экспорттаушылары мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдануда. Осылайша, 2022 жылы облыстағы 14 кәсіпорын («LKZ Zhetysu» ЖШС, «Empire Food» ЖШС, «Adal Cүт» ЖШС, «Gold Product» АҚ, «Якар» ЖШС, «Kazinterproduct» ЖШС, «Honmil» ЖШС, «Ansar Foods» ЖШС, «Sun Planet Kazakhstan» ЖШС, «Шин-Лайн» ЖШС, «Dolce» ЖШС, «Qazaq Land Agro» ЖШС, «BioProject» ЖШС және «Goldman and Young» ЖШС) Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушы болды. Alibaba электронды сауда алаңында «алтын» жеткізуші мәртебесін 5 компания («Gold Product» АҚ, «Kazinterproduct» ЖШС, «Qazaq Land Agro» ЖШС, «Якар» ЖШС және «IBT Group» ЖШС) алды; сауда-экономикалық миссияларға белсене қатысты, оның шеңберінде олар шамамен 35 миллион АҚШ долларына экспорттық келісімшарттарға қол қойды; 20 кәсіпорын 600 миллион теңгеден астам экспорттық шығындарының бір бөлігін өтей алды.

Пікір қалдыру