Құрметті өндірушілер!
2025 жылғы 2–4 қараша аралығында Пәкістанның Исламабад қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырады.
Миссия Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сапары аясында өткізіліп, екіжақты экономикалық бағдарламаның маңызды бөлігіне айналады.
Бұл өндірушілерге не береді?
Пәкістандық компаниялармен тікелей B2B-кездесулер өткізуге, жаңа байланыстар орнатуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Негізгі назар өңдеу, тамақ, химия, құрылыс және инновациялық салалардағы кәсіпорындарға аударылады.
QazTrade деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 93,1 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артты.
Қазақстаннан экспорт көлемі 6,7 есеге өсіп, 55,6 млн АҚШ долларын құрады. Нәтижесінде алғаш рет 18,2 млн АҚШ доллары көлемінде оң сауда сальдосы тіркелді.
Бұл Қазақстанның Пәкістанға импортқа қарағанда көбірек өнім экспорттайтынын және отандық өндірушілердің жаңа перспективалы нарықта өз позицияларын нығайтып жатқанын білдіреді.
Миссияға қатысушылар үшін QazTrade компаниядан бір өкілдің тұруын, трансферлерді және келіссөздер кезінде аудармашы қызметтерін қамтамасыз етеді. Ұшу және тәуліктік шығындар қатысушылар есебінен төленеді.
Өтінімдер 2025 жылғы 17 қазан, сағат 10:00-ге дейін қабылданады.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/rLMVM4d8rDKGFMA86





