2026 жылғы 26–30 қаңтар аралығында Дубайда әлемдегі ең ірі азық-түлік және сусындар көрмесі Gulfood өтеді. Қазақстан алғаш рет онда 192 м² алаңдағы бірыңғай ұлттық стендпен шығып, көрме аймағын және бөлек B2B келіссөздер алаңын ұсынады.

Ұлттық павильонның ұйымдастырушысы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «QazTrade» ЦРТП АҚ жанындағы QazExportPromotion корпоративтік қорының қолдауымен.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі атап өткендей, Gulfood – жыл сайын ондаған мың сатып алушыларды, дистрибьюторлар мен сауда желілерін жинайтын әлемдік деңгейдегі негізгі F&B алаңы. Көрмеге қатысу қазақстандық өндірушілерге Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстың ритейл және HoReCa сегменттеріне (Carrefour, Lulu, Spinneys) тікелей қол жеткізуге жол ашады. Carrefour – дүние жүзіндегі мыңдаған дүкендері бар ірі ойыншы, Lulu – Таяу Шығыстағы гипермаркет көшбасшысы, ал Spinneys – премиум сегментімен және тұтынушылар сенімімен танымал. Олардың желілерінде болу өндірушілер үшін тұрақты сату кепілі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық өнімнің беделін арттыратын маңызды фактор.
«Made in Kazakhstan бренді аясындағы бірыңғай ұлттық павильон өнімге деген сенімді арттырады және келіссөздердің тиімділігін күшейтеді», – деп атап өтті QazTrade.
Қазақстандық компанияларға үш формат ұсынылады:
Standard — 3 м² (бірлескен орналастыру, базалық құрылым, аккредитация және B2B қолдау);
Optimal — 6 м² (жеке сектор, оффтейк-келісімшарттарға басымдық);
VIP — 12 м² (кеңейтілген стенд және келіссөздерді күшейтілген қолдау).
Ұйымдастырушылардың деректеріне сәйкес, Gulfood көрмесіне қатысу экспорттаушыларға GCC және MENA елдерінің сатып алушыларымен мақсатты келіссөздер өткізуге, жетекші желілердің сөрелеріне шығуға және ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді.
📞 Байланыс және тіркелу үшін:
Нұрсауле +7 701 222 62 59
Нұрбек +7 702 802 27 26
Берік +7 701 88 11 701



