2026 жылғы 4–15 мамыр аралығында Вашингтон қаласында Стратегиялық мақсаттағы тауарлардың саудасын қауіпсіздік және басқару академиясының халықаралық бағдарламасы аясындағы курс өтті. - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

2026 жылғы 4–15 мамыр аралығында Вашингтон қаласында Стратегиялық мақсаттағы тауарлардың саудасын қауіпсіздік және басқару академиясының халықаралық бағдарламасы аясындағы курс өтті.

2026 жылғы 4–15 мамыр аралығында Вашингтон қаласында Стратегиялық мақсаттағы тауарлардың саудасын қауіпсіздік және басқару академиясының (Security and Strategic Trade Management Academy) халықаралық бағдарламасы аясындағы курс өтті.

Стратегиялық мақсаттағы тауарлардың саудасын қауіпсіздік және басқару академиясы (SSTMA) – стратегиялық сауда бақылауы, экспорттық бақылау, санкциялар, таратпау мәселелері, сондай-ақ жаңа технологиялар мен қос мақсаттағы тауарларды реттеу саласындағы заманауи тәсілдер қарастырылған екі апталық қарқынды курс болып табылады. Сонымен қатар, курс барысында кедендік және шекаралық қауіпсіздік, сондай-ақ өнеркәсіппен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Бағдарлама Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті (U.S. Department of State) мен Джеймс Мартин атындағы Таратпау мәселелерін зерттеу орталығы (James Martin Center for Nonproliferation Studies) қолдауымен ұйымдастырылды.