Экспорт бойынша шығындарды өтеу - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспорт бойынша шығындарды өтеу

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Скачать

ОТАНДЫҚ ӨҢДЕЛГЕН ТАУАРЛАРДЫ СЫРТҚЫ НАРЫҚТАРҒА ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ БІР БӨЛІГІН ӨТЕУ

ТӨЛЕМДІ КІМ АЛА АЛАДЫ?

Отандық өңделген тауарларды өндіретін кәсіпорындар (не олардың еншілес компаниялары, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілдер (дистрибьюторлар) және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері

ШАРТТАРДЫ, ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІН ҚАЙДАН КӨРУГЕ БОЛАДЫ?

Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары, оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесі (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 ж. №1128 бұйрығы)

ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

www.export.gov.kz Интернет-портал арқылы онлайн

ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ ӨТЕЛУГЕ ЖАТАДЫ?

ШЕТЕЛДІК КӨРМЕЛЕРГЕ, ФОРУМДАРҒА, ЖӘРМЕҢКЕЛЕРГЕ, КОНКУРСТАРҒА, КОНГРЕСТЕРГЕ ҚАТЫСУ:

– тіркеу жарнасы;

– көрме алаңдарын жалға беру;

– көрме стендтерін жасау (жалға алу), монтаждау/демонтаждау, қосымша жабдықтар;

– көрме алаңдарын әзірлеу, жобалау және безендіру;

– жарнамалық-үлестірме материалдарды әзірлеу, жобалау, аудару және дайындау;

– 2 қызметкердің эконом-сыныбымен ұшу;

– 2 қызметкердің қонақ үйде тұруы.

ТАУАРЛАР ЖАРНАМАСЫ::

– БАҚ-та (баспа басылымдары, теледидар, радио, интернет-ресурстар);

– қоғамдық орындарда (баннерлер, кермелер, лайтбокстар, аудио-бейнероликтерді трансляциялау, қоғамдық көліктің сыртқы беттері мен салондарындағы жарнама));

– аудио-видеороликтер мен жарнамалық материалдарды дайындау, жарнамалық құрылымдар мен беттерді жалға алу.

ФИЛИАЛДАРДЫ, ӨКІЛДІКТЕРДІ, САУДА АЛАҢДАРЫН, ҚОЙМА МЕН САУДА СӨРЕЛЕРІН ҰСТАУ:

– кеңсе үй-жайларын жалға алу/қосалқы жалға алу

– сауда алаңдары мен қойманы жалға алу/қосалқы жалға алу

– сауда сөрелерін жалға алу

ТАУАРЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ РӘСІМДЕРІ:

-ұйымның стандарттарын қоса алғанда, тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне немесе шарттардың талаптарына немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа да құжаттар), сондай-ақ шығындар, сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынамалық үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу және кері қайтару кезінде келтірілген (сертификаттау рәсімінен оң өткен және сертификат не өзге де растайтын құжат болған жағдайда)

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КАТАЛОГ:

– әзірлеу, шет тілдеріне аудару және басып шығару.

ТІРКЕУ РӘСІМДЕРІ:

– тауар таңбалары (бренд);

– электрондық сауда алаңдарында.

РҰҚСАТ АЛУ РӘСІМДЕРІ:

– шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалануға рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындар;

ШЕТЕЛДІК СЕРТИФИКАТТАУДАН, АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТУ:

-индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындар (сертификаттау, аккредиттеу, инспекция рәсімінен оң өткен жағдайда және сертификат не өзге де растайтын құжат болған жағдайда);

1) – 8) – тармақтарда көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері: 13 000 АЕК (ағымдағы қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне)

Тарихи мерзімі: 32 ай

ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТӨЛЕУ

– автокөлік;

– темір жол;

– әуе;

– теңіз көлігімен;

– тасымалдауды ұйымдастыру.

шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері 75 000 АЕКтен аспауы тиіс (ағымдағы қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне)

Тарихи мерзімі: өтінім беру күніне дейін 12 айдан ерте емес

ИНДУСТРИЯЛЫҚИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ҚҰЖАТПЕН РАСТАЛҒАН ШЫҒЫНДАР МЫНАДАЙ ТӘРТІППЕН ӨТЕЛЕДІ:

ТАУАРЛАР: төменгі бөліністер-30%, орта бөліністер – 50%, жоғарғы бөліністер – 80% (өтеуге ұсынылған сомадан)