«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы «акционерлік қоғамы жарғысының 4 -бабының 4.1-тармағына сәйкес негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады: - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы «акционерлік қоғамы жарғысының 4 -бабының 4.1-тармағына сәйкес негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы мен өзара
іс-қимылы шеңберінде талдамалық, консультациялық, ақпараттық, техникалық қолдау көрсету;

2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

3) халықаралық сауда келiссөздерiне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық және инвестициялық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткiзуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;

4) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде ортақ сауда режимiн құру және үшінші елдермен еркiн сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасау жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;

5) халықаралық сауданың қазiргi заманғы жүйесi және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен iлiмдердi тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi персоналының кәсiби деңгейiн арттыру;

6) сауда саласында зерттеулер жүргізу;

7) ішкі және электрондық сауда саласында зерттеулер жүргізу;

8) сыртқы нарықты талдау;

9) «бірыңғай терезе» шеңберінде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету;

10) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсету;

11) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;

12) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзу;

13) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

14) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсету;

15) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құру.