Директорлар кеңесі - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Директорлар кеңесі


Директорлар кеңесі
Арман Шаккалиев Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. 2001-2002 жылдары – ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің дәрменсіз кәсіпорындарды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы. 2004-2006 жылдары – «Қазақстан метрология институты» РМК директоры. 2006-2007 жылдары – Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қаржы, Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, «ҚазАгро» холдингі құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2008-2016 жылдары — «Қазақстан стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2016-2018 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) болды. 2022-2023 жылдары – ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі. 2023 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, қазан айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Хайрат Кәрібжанов 1956 жылы 2 қаңтарда Омбы облысының Шарбақұл ауданында (Ресей) дүниеге келген.

Омбы ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша (1978ж.), Алматы саясаттану және басқару институтын «Саясаттану» мамандығы бойынша (1991ж.) бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2001ж.).

Еңбек жолын 1978 жылы өндірісте бастады.

1984-1986 жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы Бурундай автокөлік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.

1987-1989 жылдары Алматы облысы Талғар аудандық партия комитетінің өнеркәсіптік-көлік және ұйымдастыру бөлімдерін басқарды.

1991-2000 жылдар аралығында Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім бастығынан бірінші вице-министрге дейінгі жолдан өтті. ҚР Көлік инспекциясын басқарды. «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

2000-2006 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, президенті.

Жеке меншік компанияларды басқарды.

2006-2009 жылдары – «Казинформтелеком» АҚ, 2011-2014 жылдары- «Агроорталық-Астана» холдингі.

2009-2011 жылдары «Қазақавтожол» РМК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылы Техникалық хатшылықтың басшысы – Бас директордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, ал 2016 жылдың мамыр айында «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директоры болып сайланды.

2020 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі (Мәскеу қаласы) лауазымында жұмыс істеді.

Корпоративтік басқару тәжірибесі, техникалық реттеу және стандарттау мәселелері бойынша оқытудан өтті және шетелдік сертификаттары бар.

2023 жылғы 3 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

 

 

Мырзахметов Қайрат 1984 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2004 жыл-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

2006 жыл-Қазақ экономикалық университеті. Т. Рысқұлов;

2022 жыл – Жетісу университеті. І. Жансүгіровті бітірген.

2005-2018ж. – Қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарындағы қызмет.

2018-2020ж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі тергеп-тексеру департаментінің Ішкі инспекция тобындағы Бас прокурордың аға көмекшісі.

2020ж. – Бас прокуратураның қызметкері.

2021ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Апелляция департаменті директордың орынбасары міндетін атқарушы арнайы тексерудің нәтижелерін алған күніне дейін еңбек шарттының негізінде.

2021-2022ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Апелляция департаменті директордың орынбасары.

27.08.2022ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылғы 8 қыркүйекте «QazTrade «сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Жалпы ақпарат, білімі

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген. Берн қаласындағы университеттің Дүниежүзілік сауда институтының «халықаралық құқық және экономика» магистрі.

Әр жылдары ҚР Ұлттық Банкінде, экономика және сауда министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде және ҚР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық бағдарламасының үйлестірушісі болды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Мансап

1997 жылдан 2001 жылға дейін – жеке құрылымдарда жұмыс істеді;

2001 жылғы шілдеден 2009 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюта-қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды;

2011 жылдан 2012 жылғы қарашаға дейін – Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастығы бағдарламасының үйлестірушісі;

2012 жылғы қарашадан 2012 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің;

2012 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі хатшылығының кеңесшісі;

2013 жылғы наурыздан 2013 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары;

2013 жылғы сәуірден 2014 жылғы қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2014 жылғы қазаннан бастап 2019 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019 жылғы маусымнан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі.

2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі.

 

Айтмұхамед Тұрарбекұлы Алдажаров

 

1972 жылы 27 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

Білім:

1993 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Инженер-экономист»мамандығы бойынша бітірген;

2013 жылы Халықаралық бизнес академиясын (хаб), «іскерлік әкімшілендіру магистрі»мамандығын бітірді

Еңбек қызметі:

1993 – 1994 жж. – «Ердар» МКК – коммерциялық қызмет жөніндегі бас маман;

1994 – 1998 жж. – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ-бас бухгалтер;

1998 – 2005 жж. – «Зерноконтракт» ЖШС көп салалы холдингі – директор;

2005 – 2010 жж. – «KMGEP-Catering» ЖШС «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ еншілес компаниясы-бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

2006 – 2009 жж. – «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы;

2010 – 2012 жж. – «ҚазМұнайГаз «БӨ» АҚ – сектор бастығы;

2012 – Қазіргі уақытқа дейін – «Орал» халықаралық әуежайы ЖШС-Байқау кеңесінің төрағасы;

2013 – қазіргі уақытқа дейін – «Staier Group» ЖШС-директор;

2014 – қазіргі уақытқа дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ-Директорлар Кеңесінің Мүшесі – Тәуелсіз директор;

2015 – қазіргі уақытқа дейін – «Өзенмұнайгаз» АҚ-Директорлар Кеңесінің Мүшесі – Тәуелсіз директор;

2022 – қазіргі уақытқа дейін – «QazTrade» АҚ – Директорлар Кеңесінің Мүшес

 

Темірлан Жақыпбеков

1989 жылы 15 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Е. А. Бөкетов атыдағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша,  Е,»Болашақ» академиясын, Мәскеу Политехникалық зерттеулер мектебін бітірген..

Еңбек жолын 2007 жылы «China Geo-Engineering Corparation» ЖШС заңгер-кеңесшісі ретінде бастаған.

2012-2014 жылдары «New gorizont Capital China» ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015-2021 жылдары – «ҚазАлко» ЗТБ, Алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Bastama» бизнеске реттеушілік және салықтық әсерді бағалау институтының президенті.

2023 жылғы 13 қарашадан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.