Жетісу облысының кәсіпкерлері үшін Мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар 1 желтоқсанда өтті.
Онлайн-кездесуде «QazTrade» АҚ-ы Жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Сейтхалиев өңірдің бизнес-қоғамдастығының өкілдерін шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын қолдау құралдарының тізбесімен таныстырды.
Ол экспортты дамыту аспектілеріне, халықаралық нарықтарға қол жеткізу және өнімді одан әрі сату мақсатында әлеуетті клиенттерді тарту үшін QazTrade ұсынатын қолдау шараларын тиімді пайдалануға ерекше назар аударды.
Бүгінгі таңда мемлекет алдында отандық дайын өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорттық мүмкіндіктерін арттыру міндеті тұр. Бизнестің табысты дамуы өңірлердің экономикалық өсуіне ықпал етеді. Осыған байланысты, QazTrade өз тауарлары мен қызметтерін жаңа нарықтарға жіберуді жоспарлап отырған жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар мен компанияларға сервистік көмек көрсетуді жалғастырады.