Ағымдағы жылдың 27 қазанында Ұлытау облысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясы» АҚ ұйымдастырған «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті қолдау» тақырыбында семинар өтті.
«QazTrade» АҚ-ның Жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Сейтхалиев өңір кәсіпкерлеріне шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің отандық экспорттаушыларын мемлекеттік қолдау шараларын егжей-тегжейлі таныстырды.
Атап айтқанда, экспорттаушыларға көлік шығындары мен өнімді ілгерілетуге, экспорттық акселерация бағдарламаларына және электрондық сауда алаңдарына шығуға шығындардың бір бөлігін өтеуді ұсыну тетігі, сондай-ақ көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларына қатысу жөнінде түсініктемелер берілді.