ШОБ үшін мүмкіндіктерді ашу: Ready4Trade Орталық Азия экспорттық оқыту бағдарламасы бойынша серіктестердің аймақтық кездесуінен ақпарат - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ШОБ үшін мүмкіндіктерді ашу: Ready4Trade Орталық Азия экспорттық оқыту бағдарламасы бойынша серіктестердің аймақтық кездесуінен ақпарат

ШОБ үшін мүмкіндіктерді ашу: Ready4Trade Орталық Азия экспорттық оқыту бағдарламасы бойынша серіктестердің аймақтық кездесуінен ақпарат

Ready4Trade Central Asia оқыту бағдарламасы бойынша серіктестердің онлайн кездесуі өтті. Іс-шара «Ready4Trade Central Asia» жобасы аясында экспорт және халықаралық сауда бойынша оқу бағдарламасын ілгерілету үшін төрт жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Орталық Азияның бес елінен жобаның негізгі серіктестерін біріктірді. Жобаны Орталық Азия елдері және Халықаралық сауда орталығы (ХСО) жүзеге асырады және Еуропалық Одақ қаржыландырады; жоба аймақтағы сауданы дамытуға қолдау көрсетуге, трансшекаралық талаптардың ашықтығын арттыруға және электрондық коммерция мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған.

Оқыту бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОБ) халықаралық стандарттар мен талаптарға сай әлеуетін күшейтуге бағытталған. ХСО шағын және орта бизнеске арналған Сауда академиясының бағдарлама менеджері Эстев Морел мырза 2024 жылдың 1 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында өткізілген «Білім марафоны» аймақтық байқауының ресми нәтижелерімен таныстырып, «Бұл Аймақтық онлайн-конференция соңғы нәтижелерді қорытындылап, серіктестердің Экспорт және халықаралық сауда оқу жоспарындағы жетістіктерін атап өтіп қана қоймай, сонымен қатар институционалдық серіктестер арасындағы диалогты одан әрі дамытуға, үздік тәжірибемен бөлісуге және аймақтағы білім алмасуды ынталандыруға ықпал етті».

Жалпы, Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан алғаш рет (2023 жылдың қазан айында академиялық орта үшін) халықаралық сауда және экспорт ережелері бойынша онлайн марафондар өткізу тәжірибесін енгізді, ал 2024 жылдың басынан бері осыған ұқсас іс-шаралар, атап айтқанда, апта сайын Қазақстанның өңірлеріндегі жергілікті бизнес өкілдері үшін онлайн-марафондар өткізіліп келеді.

Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті, Қырғыз экономикалық университеті және Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы «Білім марафоны» байқауының нәтижелерімен таныстырып, жергілікті кәсіпкерлерді тартудың жоғары деңгейін және жобаны жүзеге асыру барысында алынған негізгі идеяларды, сондай-ақ негізгі табыстар мен қиындықтарды атап өтті. QazTradeAcademy ұлттық онлайн-оқыту платформасын ілгерілету бойынша өзінің озық тәжірибесі мен идеяларын көрсетті, сондай-ақ серіктестеріне электронды журналымен таныстырды.

Августин Барет мырза атап өткендей, «Экспорт және халықаралық сауданы оқыту бағдарламасы ШОБ субъектілерінің трансшекаралық талаптарды орындау әлеуетін күшейтуге бағытталған, бұл экспортқа шығуды қалайтын бизнес үшін сәттілік факторларының бірі болып табылады. ХСО Орталық Азиядағы жеке секторды қолдауды жалғастыруда, бұл жаһандық және аймақтық құн тізбегіне интеграциялануын және жаңа экспорттық ағындарды құруды жеңілдетеді».

Талқылау барысында қатысушылар мүмкіндіктерді, қиындықтарды және келесі қадамдарды талқылай отырып, оқу бағдарламаларын әзірлеу стратегияларын ұсынды. Кездесу соңында серіктестер іс-шараны қорытындылап, барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жобаны дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.