Шамамен 25-ке жуық қазақстандық компания Шанхайдағы халықаралық импорттық көрмеге қатыса алады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Шамамен 25-ке жуық қазақстандық компания Шанхайдағы халықаралық импорттық көрмеге қатыса алады

QazTrade Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі бюросының және ҚХР-ның ҚР-дағы Елшілігінің өкілдерімен онлайн-жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар қазақстандық компаниялардың 5-10 қараша аралығында Шанхай қаласында (ҚХР) өтетін экспозицияға қатысу мәселелерін талқылады.

Қытайдың халықаралық импорттық көрмесі бюросының өкілдері хабарлағандай, 2022 жылы іс-шараға 50-ден астам мемлекет басшылары мен 178 қатысушы елдер қатысты. Көрме аясында 350 миллиард доллардан асатын мәмілелер жасалды.

Биылғы жылы «QazTrade» АҚ-ы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ауданы 125 шаршы метр “Тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі» секторында стендке тапсырыс берді, оған 25-ке жуық қазақстандық компания қатысуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде ҚХР-дың ҚР-дағы Елшілігінің өкілі Қазақстан Қытайдың негізгі стратегиялық және сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. Биыл «Бір белдеу – бір жол» бастамасына 10 жыл толады, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастардың маңыздылығын көрсетеді. ҚР-дағы ҚХР елшілігі қазақстандық компаниялардың халықаралық импорттық көрмеге қатысуын ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін растады.

Пікір қалдыру