Шахид Раджаи портындағы (Бендер-Аббас, Иран Ислам Республикасы) қазақстандық көлік-логистикалық терминалдың Инвестор-Операторын іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Шахид Раджаи портындағы (Бендер-Аббас, Иран Ислам Республикасы) қазақстандық көлік-логистикалық терминалдың Инвестор-Операторын іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы

Жарияланған күні: «23» қараша 2026 жыл

«QazExportPromotion» корпоративтік қоры Иран Ислам Республикасы, Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи порт кешенінде қазақстандық көлік-логистикалық терминалды қаржыландыру, жобалау, салу, жабдықтау және пайдалану үшін Инвестор-Операторды іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жоба Иран Ислам Республикасының Порттар және теңіз кеме қатынасы ұйымымен (PMO) қол қойылған BOT-келісімшарты (Build–Operate–Transfer — салу, пайдалану және кейіннен беру) шеңберінде іске асырылады.

Жобаның негізгі параметрлері

  • Орналасқан жері: Шахид Раджаи порт кешені, Бендер-Аббас қаласы, Иран Ислам Республикасы.
  • Жер учаскесінің ауданы: 15 гектар.
  • Бірінші кезеңдегі инвестициялардың базалық көлемі: 25 000 000 (жиырма бес миллион) АҚШ доллары.
  • BOT-келісімшартының мерзімі: құрылыс және коммерциялық пайдалану кезеңдерін қоса алғанда, 27 жыл.
  • Нысаналы жүк ағыны: жылына 1,5 млн тоннаға дейін.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Конкурсқа қажетті қаржылық мүмкіндіктері, терминалдық, порттық, көлік және логистикалық инфрақұрылымды салу, жабдықтау және/немесе пайдалану бойынша расталған тәжірибесі бар заңды тұлғалар, сондай-ақ 2–3 заңды тұлғадан тұратын консорциумдар қатыса алады.

Қатысушылар қаржылық, техникалық, кадрлық және операциялық ресурстардың бар екенін немесе оларға қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ Жобаны қаржыландыру мен іске асыруды қамтамасыз ету, жүк базасын қалыптастыру және BOT-келісімшарты бойынша қолданылатын міндеттемелерді орындау қабілетін растауы тиіс.

Толық біліктілік талаптары, міндетті құжаттардың тізбесі және өтінімдерді бағалау тәртібі конкурстық құжаттамада белгіленген.

Өтінімдерді беру мерзімдері мен тәртібі

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы: «23» қараша 2026 жыл.

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: «7» желтоқсан 2026 жыл, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Қор конкурстық құжаттамада көзделген тәртіппен, тиісті хабарламаны міндетті түрде жариялай отырып, өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.

Өтінімдер конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес дайындалып, ұсынылуы тиіс.

Өтінімдерді беру мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Москва» бизнес-орталығы, 9-қабат, қабылдау бөлмесі немесе 47-кабинет.

Байланыс тұлғасы:

Кускужаев Алмас Айтбаевич

Телефон: +7 775 155 44 66

Жазбаша сұрақтарға арналған электрондық пошта: kense@qaztrade.org.kz

Конкурстық құжаттама бойынша жазбаша сұрақтар өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын қабылданады.

Конкурстық құжаттама

Конкурсты өткізу туралы ережені, қатысушыларға қойылатын талаптарды, өтінім нысандарын, растаушы құжаттардың тізбесін және ұсыныстарды бағалау әдістемесін қоса алғанда, конкурстық құжаттаманың толық жиынтығы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның ресми интернет-ресурсында танысу және жүктеп алу үшін қолжетімді.

Конкурстық құжаттама: Конкурстық құжаттаманың соңғы нұсқасы – Инвестор-Оператор, Бендер-Аббас, BOT, қараша

Өтінімдерді қарау және бағалау бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес Конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.

Қор конкурсты өткізілмеді деп тануға және қажет болған жағдайда белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, бастапқы немесе өзгертілген шарттармен қайта конкурс жариялауға құқылы.

«QazExportPromotion» корпоративтік қоры

Астана қаласы, Қазақстан Республикасы