Сауда министрлігі қытайлық нарыққа шығу үшін азық-түлік өнеркәсібі компанияларын дайындайды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Сауда министрлігі қытайлық нарыққа шығу үшін азық-түлік өнеркәсібі компанияларын дайындайды

«Үкімет стратегиялық маңызды өндірістерді, негізгі экспорттық басымдықтарды айқындауы керек … Стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды, жеңілдікті қаржыландыруды, ішінара кепілдендіруді, экспорттық қолдау тетіктерін пакеттік беруді … АӨК өнімдерінің экспортын екі есе ұлғайтуды көздеу керек…».

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауы

«ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»

Мемлекет басшысының халыққа жолдауы әрқашан маңызды оқиға. Ол ел дамуының стратегиялық векторларын айқындайды, Үкімет үшін жаңа мақсаттар қояды. Қыркүйек айындағы Жолдауда экспорт пен ұлттық өндірушілерге баса назар аударылды. Жақын перспективада экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға мемлекет тарапынан кешенді қолдау қамтамасыз етіледі.

Жақында Фейсбуктегі жеке аккаунтында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов былай деп жазды: «Біз сауда министрлігінде Жолдауымызда өзіміз үшін ең бастыны атап өттік: «Инвестицияларды тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді жаңа әлемдік жағдайда экспортқа шығару жөніндегі жұмыс Үкімет үшін басым болып отыр».

«Президент өнеркәсіптік әлеуетті немесе агроөндірісті ашу туралы айта келе, міндетті шарт қойды – экспортқа бағдарлы тауарлар өндіру…Мұның бәрі – елдің экономикалық дамуының «саудалық бағалау» рөлі өсіп келе жатқанының көрсеткіші. Ел өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға неғұрлым көп шығарса, оның өнеркәсібі соғұрлым оңтайлы болады, оның азаматтары соғұрлым бай болады.»,- деп атап өтті министр Сұлтанов.

Сауда министрлігінде 16 тауар позициясы (тауарлар мен қызметтер) анықталды, олар бойынша ел экспортты $13,5 млрд-қа ұлғайта алады, яғни Қазақстанның шикізаттық емес экспортты шамамен 2 есе ұлғайту әлеуеті бар (өткен жылы ол $15,7 млрд-ты құрады). Тауарлардың негізгі бөлігі – АӨК өнімдері: өсімдік майлары; ұн өнімдері; макарон өнімдері; қой еті; шошқа еті; сиыр еті; пестицидтер; тыңайтқыштар; мұнай химиясы; трансформаторлар; аккумуляторлар

Ал ДСҰ-ның әлемдегі азық-түлік тапшылығының өсуі жөніндегі болжамдары кезінде республика агроөнеркәсіп өнімдерінің ірі экспорттаушысының тұрақты позициясын алуға барлық мүмкіндігі бар. Әсіресе, егер сұранысы мол нарыққа географиялық жақындығымызды ескерсек.

Ашылған мүмкіндіктерді ескере отырып, Президент Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бағдарланған кәсіпкерлерді өсіру мен қолдаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы «идеядан нәтижеге дейін мақсатты қолдауды қамтамасыз ету үшін» шикізаттық емес өндірушілерге арналған экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Осы уақытқа дейін Сауда министрлігінде 500-ден астам тамақ өнеркәсібі компанияларынан отандық тауар өндірушілердің базасы құрылды. Бағдарламаға 100-ге жуық компания қатысты, оның ішінде 35 үздік компания өз өнімдерін қытайлық нарыққа шығару үшін дайындықты бастады. Әрбір компанияны «QazTrade» ССДО» АҚ-ның сараптамалық сарапшылары және PwС халықаралық кеңесшілері сүйемелдейді. Олар жеке бизнес миссиялар мен ресми сауда көрмелері аясында қытайлық серіктестерді іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.  

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегіне дейін кәсіпорындармен жеке онлайн-сессиялар жоспарланған, олардың нәтижелері бойынша әр қатысушы үшін Қытай нарығына шығу жөніндегі стратегиялық жоспарлар әзірленетін болады. Кездесулердің ерекшелігі – қытайлық сарапшылармен salespitch әзірлеу бойынша онлайн-кеңес сессиялары өткізіледі.

Ағымдағы жылы бизнес-миссиялардың форматы онлайн режимінде өткізіледі. Әлеуетті серіктестермен қарым-қатынас жасайтын кәсіпорындар PwC бағдарламасының серіктестері ұсынған Сonverve онлайн – платформасында өздерін, өз өнімдерін және salespitch-ті таныстырады.

Акселерацияның келесі кезеңдерінде Сауда министрлігі бизнесмендерге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанның шекаралас нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікті «арттыруға» көмектесетін болады.

Жалпы, алдағы жылдары экспорттық акселерация аясында 1000-нан астам отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі.

Пікір қалдыру