Қазақстандық кәсіпкерлер 28 қыркүйекте Астанада аймақтың 100-ден астам кәсіпкерлерінің мүдделерін білдіретін Сауд Арабиясының инвесторы доктор Халедпен кездесті. Кездесуге қатысушылар ҚҚА-ға экспортты ілгерілету, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы жобаларға инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.
«Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында IT қызметтерінің, бал өндіретін компаниялардың, ет сою цехының, ұн өндірушілердің, жылыжай жобасын іске асырушының, стартаптардың, химия өнеркәсібі өкілдерінің қатысуымен іскерлік келіссөздер өтті.
Компаниялар өз өнімдері мен қызметтерін таныстырды, экспорттық көзқарастарымен және өндіріске инвестициялау қажеттіліктерімен бөлісті.
Сауд Арабиясы өкілінің ерекше қызығушылығы Таяу Шығыс нарығында жоғары сұранысқа ие бал болды. Шетелдік инвестордың айтуынша, нарықтың басқа қатысушыларынан ерекшелену үшін қазақстандық өндірушілер бәсекелестік бағаны ұсынуы және басқа компаниялар арасында қаптамасымен ерекшеленуі қажет.
Өз тарапынан «QazTrade» АҚ сарапшылары Қазақстанда инвестициялау үшін қолда бар мүмкіндіктерді ұсынды және бизнеске ұсынылатын қолдау шаралары туралы айтып берді.