Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы өтуде - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы өтуде

Қазақстанның Қытайға бизнес-делегациясын ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды. Ухань қаласындағы іскер топтармен кездесуде ол біздің елдеріміз арасындағы сауданың оң дамуын атап өтті.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Қытай Қазақстанның сауда серіктестері арасында жетекші орынға ие болды. Тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара тауар айналымы 24 млрд доллардан астам тарихи ең жоғары деңгейге жетті. 2023 жылдың 7 айында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға ұлғайып, 16,3 млрд долларды құрады.

«Қытай нарығы біздің өнімдеріміздің тұрақты және талапшыл тұтынушысын білдіреді. Қазақстан Қосымша 135 тауар позициясы бойынша $1 млрд астам сомаға өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының бай ассортиментін ұсынуға дайын», – деді Қайрат Төребаев бизнес-форумда.

Біздің еліміз Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. ҚР және ҚХР Мемлекеттері басшыларының бағалауы бойынша алдағы жылдары елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі $40 млрд дейін ұлғаюы мүмкін.

Қытайлық сатып алушылар қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапасын толық бағалай алды. Азық-түлік Қытай нарығында ең үлкен сұранысқа ие. Мұны сауда миссиясының нәтижелері растауда. Бизнес-кездесулердің қорытындысы бойынша кәсіпкерлер 28 млн долларға ұн, жұмыртқа кеспесі, кондитерлік өнімдер, өсімдік майлары мен жемшөп жеткізуге келісімшарттар жасасты.

«Ухань қаласына сауда миссиясы компанияларға өздерінің экспорттық әлеуетін көрсетуге тамаша мүмкіндік береді, сондай-ақ Хубэй провинциясы үшін қазақстандық тауарларды ашады», – деп атап өтті вице-министр.

 

Отандық тауар өндірушілердің Қытайға қазіргі бизнес-миссиясы биылғы жылы екінші орында. Мамыр айында ҚР Сауда және интеграция министрлігі экспортты мемлекеттік қолдау шараларының операторы QazTrade-мен  бірлесіп Сиань қаласына 37 кәсіпкер үшін іскерлік сапар ұйымдастырды. Қазақстанның Сиандағы Бас консулдығы жанынан қазақстандық тауарлардың шоу-румы ашылды.

Тамыз айында қазақстандық компаниялар ҚХР Синцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласында өткен «Қытай – Еуразия»  халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл ретте Қазақстанның ұлттық стенді 40 ел мен өңір арасындағы көрмедегі үздіктердің біріне айналды. Өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 203,4 млн долларға жуық тауарларды экспорттық жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал қараша айында Қазақстан өз өнімдерін Шанхай импорттық көрмесінде ұсынады.

Анықтама:

Қазақстанның Хубэй провинциясымен сауда-саттығы 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 77%-ға өсіп, $94,3 млн құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлардың экспорты $6,8 млн, ал импорт $87,5 млн құрады.

 

Пікір қалдыру