Қазақстандық кәсіпкерлер Хубэй провинциясының Ухань қаласындағы сауда миссиясы аясында Қытайдың ірі ауыл шаруашылығы компаниясы – Hubai Province Grain and Oils Group Co Ltd топ – менеджментімен кездесті.
Агрохолдинг дәнді және майлы дақылдарды өндірумен және өңдеумен, ет өнімдерін, құрама жем өндірумен айналысады және Хубэй провинциясындағы ең ірі агрохолдинг болып табылады.
Кездесуде ҚМК pioneer, Қостанай ұн тарту компаниясы, Bastau Astana, Bota-2015, Meat Processing and Services компаниялары тиімді шарттармен одан әрі ынтымақтастық ұсыныстарымен сөз сөйледі. Агрохолдинг одан әрі келіссөздер жүргізуді толық қолдады, бизнеспен және мемлекетпен болашақ жұмыс жоспарларын анықтады.
Қытай холдингі кәсіпорын құрама жем түрінде сатып алуға дайын қазақстандық рапс, соя, сұлы және арпаны жеткізуге мүдделі. Бұдан басқа, әлеуетті серіктестер ауыл шаруашылығы жануарларын бордақылау үшін жүгері, рапс және күнбағыс тортын, кебек импорттауға дайын.
HPGO құрылымына 30-дан астам еншілес компаниялар кіреді. Кәсіпорынның дәнді және майлы дақылдарды сақтау жөніндегі өндірістік қуаты жылына 1,8 млн тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жыл сайынғы жиынтық қуаты – 1,5 млн тонна.
2018 жылдан бастап компания ғылыми-техникалық әзірлемелерді енгізгені үшін бес рет Хубэй провинциясының сыйлығын алды және 200-ден астам ұлттық өнертабыс патенттеріне мақұлдау алды.