QazTrade және Қытай халықаралық Импорт көрмесінің бюросы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade және Қытай халықаралық Импорт көрмесінің бюросы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының 10 жылдығына, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азияның өзара іс-қимылының «Алтын 30 жылдығына» арналған конференция алаңында 7 қыркүйекте «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Қытайдың халықаралық Импорт көрмесі бюросы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар Қытайдың халықаралық импорт көрмесі Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды арнасына айналғанын атап өтті. Қарым-қатынастардың жаңа кезеңі Қазақстанның CIIE-ге қатысу нәтижелерін одан әрі кеңейтуге және            6-шы Қытай Ciie Халықаралық Импорт Көрмесін өткізу бойынша бірлескен жұмысқа ықпал ететін болады.

Іс-шараны Қытайдың Синьхуа ақпараттық агенттіктері, China Daily және Қазақстандағы Қытайды зерттеу орталығы, Синьхуа ақпараттық агенттігінің жаңа Медиа орталығы мен Тайхэ Институтының «21-ші ғасыр» газетінің қолдауымен ұйымдастырды.

Бұдан 10 жыл бұрын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы алғаш рет жарияланған Назарбаев Университетінің Сенат холлында өткен Конференция 200-ге жуық адамды жинады. Олардың қатарында Қазақстан мен Қытай үкіметінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, қазақстандық және қытайлық медиа менеджерлер, сондай-ақ Назарбаев Университетінің әкімшілігі бар.

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Кариннің құттықтау хатында «соңғы он жылда барлық тараптардың күш-жігерінің арқасында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ынтымақтастықтың ашық, инклюзивті, теңгерімді және жан-жақты жолына айналғаны» айтылған .

Сондай-ақ, халықаралық конференцияға қатысушылар алдында ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Эльдар Торғанбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, China Daily президенті және бас редакторы Цюй Инпу, Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо, Қырғызстанның бұрынғы Премьер-Министрі Джоомарт Оторбаев, ШЫҰ бұрынғы Бас хатшысы Владимир Норов және Қытайды зерттеу жөніндегі Қазақстан орталығының директоры Гүлнар Шаймергенова құттықтап, сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Синьхуа агенттігі Ұлттық талдау орталығының «Си Цзиньпиннің экономика туралы идеяларының дәуірге тән ерекшеліктері мен практикалық құндылығы» атты баяндамасын ұсынды.

Пікір қалдыру