Пәкістаннан келген ірі тасымалдаушы компания-TСS Group өкілдері Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының мүмкіндіктерін зерделеу және кейіннен тауарларды жеткізудің оңтайлы бағыттарын әзірлеу үшін Астанаға келді.
Кездесуде «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Айбек Сағынаев пәкістандық серіктестерге экспортты мемлекеттік қолдау құралдары – көлік шығындарының бір бөлігін өтеу туралы айтып берді.
Тараптар экспорттық-импорттық жеткізілімдер саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыруды талқылады. Атап айтқанда, Пәкістан Қазақстан нарығына жеміс-көкөніс өнімдерін жіберуге мүдделі.
TCS Group электрондық коммерция тауарларын тасымалдаумен айналысатын жаһандық серіктестер желісіне ие.