QazTrade Түркістан облысының экспорттаушыларының сұрақтарына жауап берді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Түркістан облысының экспорттаушыларының сұрақтарына жауап берді

Түркістанда биылғы жылы Өңірлік экспорттық кеңестің (ӨЭК) бірінші отырысы өтті. Оған экспортқа бағдарланған 60-қа жуық компания, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «QazTrade» ауда саясатын дамыту орталығы   АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы, KazakhExport компаниясының өкілдері қатысты.

«QazTrade» басшысы Азамат Асқарұлы өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарына экспорттаушылар үшін бірыңғай терезенің жаңа мүмкіндіктерін ұсынды және экспортты қолдау бөлігінде мемлекет жоспарлаған шаралар туралы айтып берді.

«Ағымдағы жылдан бастап QazTrade шикізаттық емес өнім экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі негізгі институтқа айналды. Біз Компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, сапалы талдау мен консалтингтік қызметтер көрсетуге дейін отандық өнім өндірушілерді қаржылай емес қолдаудың барлық қажетті спектрін қалыптастырдық. Қаңтар айынан бастап біз экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдауды бастадық. Енді кәсіпкерлерге көптеген ұйымдарға жүгінудің қажеті жоқ: барлық қызметтер біздің export.gov.kz порталында шоғырланған», – деді Асқарұлы.

Түркістан облысының кәсіпорындары қазірдің өзінде QazTrade-мен белсенді ынтымақтасуда. 2019-2020 жылдары өңірдің үш компаниясы («Dala-Fruit» ЖШС, «Асыл-LTD» ЖШС, «Сейітбек ауылы» ЖШС) Alibaba платформасында «Алтын аккаунтқа ие болды. 2020 жылы өңірдің 13 экспорттаушы компаниясы шығындардың бір бөлігін 271 млн теңгеге өтетті.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірде машина жасау, металлургия, тамақ, жеңіл, фармацевтика және ағаш өңдеу салаларында жұмыс істейтін 40-тан астам белсенді экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді. «Өткен жылы ковидтік тыйымдар облысымыздың экспортына кері әсерін тигізді. Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың жоғары үлесін сақтап қалғанымыз өте маңызды – қазір ол шамамен 50%-ды құрайды», – деп хабарлады Мырзалиев. Әкімнің орынбасары «экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларын кеңейту және оларды бір терезеге шоғырландыру өңір өндірушілеріне елеулі қолдау көрсететініне» сенім білдірді. Бұл, сайып келгенде, экспорттық желіні кеңейтіп, сыртқы нарықтардағы өніміміздің көлемін арттырады».

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында Түркістан облысының экспорты 494,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл ретте шикізаттық емес экспорттың көлемі 352,3 млн.АҚШ долларын немесе барлық экспорттың 71%-ын құрайды. 11 айда шикізаттық емес экспорттың өсімі 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 8,2%-ды құрады.

Азамат Асқарұлы кәсіпкерлерге компанияның экспорттаушылар үшін барынша ашық екенін айтты. 24/7 @exportgov телеграмм-арнасы жұмыс істейді, онда кеңес алуға, ұсынымдарды айтуға немесе компаниялардың сыртқы нарықтарға шығу кезінде кездесетін тосқауылдар мен кедергілер туралы айтуға болады. «QazTrade туындаған барлық проблемалық жағдайларға барынша жедел әрекет етеді. Жедел режимде оларды шешудің  қажетті шараларын қабылдайды», – деді ол.

QazTrade қатысатын өңірлік экспорттық кеңестердің басты міндеті – кәсіпкерлердің экспортты дамыту институтымен тікелей байланысын қамтамасыз ету және әрбір өңірдің экспортын қолдау үшін бірегей тәсілді қалыптастыру.

«Жыл бойы әр облыста бірнеше РЭҚ отырысын өткіземіз. Осындай кездесулердің нәтижесінде әр өңірдің мамандануын ескере отырып, өңірлік экспорттық стратегияларды әзірлеу болады», – деді «QazTrade «сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы.

Мемлекет басшысы Қазақстанның шикізаттық емес экспортын (тауарлар мен қызметтерді) 2025 жылға қарай 41 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойды.  2020 жылдың 11 айында Қазақстаннан өңделген тауарлар экспорты 13,9 млрд. АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 3,4%-ға төмендеді.

Қайнар: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Пікір қалдыру