QazTrade Translogistica Kazakhstan 2023 форумына қатысты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Translogistica Kazakhstan 2023 форумына қатысты

«Қазақстандық көлік апталығы» аясында New Silk Way бизнес-форумында «QazTrade» АҚ-ы Бас директорының орынбасары Айбек Сағынаев логистика призмасы арқылы экспорттаушыларды қолдау құралдары туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда QazTrade арсеналында экспортқа бағытталған бизнесті қолдаудың бірнеше түрі бар: көлік шығындарының бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация бағдарламасы, сервистік шаралар. Оператор өңірлердің кәсіпкерлерімен тығыз жұмыс істейді, олардың экспорттық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Айбек Сағынаев атап өткендей, Ресей аумағы арқылы жүк тасымалына шектеулер туындаған жағдайда Қазақстан Иран, Пәкістан және Вьетнам бағытындағы баламалы мультимодальды маршруттарды дамытуда. Салынған көлік жолдары осы елдерге экспорттық жеткізілім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Тауар өндірушілер үшін тасымалдау мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ қазақстандық тауарлардың түпкілікті бағасына елеулі әсер ететінін ескере отырып, мемлекет экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін жабады. Экспортты қолдау тәсілдерін жетілдіру үшін экспорттық маршруттарды субсидиялау бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі зерттелуде.

Пікір қалдыру