«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғанын хабарлайды және осы процеске барлық қызметкерлер мен мүдделі тараптарды белсенді қатысуға шақырады.
🔎 Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қоғам қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- QazTrade ұйымдық-басқарушылық үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
📩 Біз қарастырамыз:
- Сыбайлас жемқорлық фактілері мен әкімшілік кедергілер туралы ақпаратты;
- Ішкі рәсімдер мен нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды.
QazTrade қызметінің ашықтығын арттыруға әрбір қызметкердің үлесі маңызды. Барлық ұсыныстар мен мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар дайындау үшін пайдаланылады.
🔐 Құпиялылық
Құпиялылық және қажет болған жағдайда анонимдік толықтай кепілдендіріледі.
💬 Ұсыныстар мен ескертулерді жолдау арналары:
- Email: hotline@qaztrade.org.kz
- WhatsApp (Комплаенс офицері): +7 700 735 5595
QazTrade әрдайым адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын ұстанады және барлық қызметкерлер мен серіктестердің белсенді ұстанымына сенеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда комплаенс офицеріне хабарласыңыз.