QazTrade Шэньси провинциясының делегациясымен кездесу өткізді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Шэньси провинциясының делегациясымен кездесу өткізді

Шэньси провинциясының (ҚХР) Мемлекеттік және жеке ұйымдарының өкілдері Астанаға энергетика және химия өнеркәсібі, халықаралық сауда, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы Шэньси мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін зерделеу үшін келді.

Қытай делегациясымен кездесуде «QazTrade» АҚ-ы Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров Қазақстандағы экспортты мемлекеттік қолдау құралдарын таныстырды. «QazTrade» АҚ-ы Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева өзара іс-қимылдың артықшылықтары мен Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету перспективалары туралы айтып берді.

Өз кезегінде Шэньси провинциясының Сауда департаментінің басшысы Ян Миао инвестициялық мүмкіндіктер, өнеркәсіптік әлеует және қытайлық компаниялардың ынтымақтастыққа дайындығы туралы ақпарат берді.

«QazTrade» АҚ-ы Жобаларды дамыту департаментінің директоры Асхат Қозыкенов Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы және Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауарларды жеткізудің оңтайлы бағыттары туралы баяндады.

Тараптар экспорттық-импорттық жеткізілімдер саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өзара тиімді экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыруды талқылады. Атап айтқанда, Қытай тарапы мұнай өнімдерін өңдеу және мұнай химиясы саласына инвестиция салуға мүдделі.

 

Пікір қалдыру