«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры тағайындалды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры тағайындалды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы бұйрығымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры болып Нұралы Бөкейханов тағайындалды.

Н. Бөкейханов 2014 жылы Ланкастер университетін (the University of Lancaster, Ұлыбритания) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық басқару бойынша ғылым магистрі» мамандығы бойынша бітірген, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2019 жылы Президенттік жастар кадрлық резерві резервшілерінің қатарына кірді.

Еңбек жолын 2004 жылы «Еуразия ВИК» ЖШС-де бастады.

2009 жылдан 2011 жылға дейін «InterAsia LLP»  атқарушы директоры қызметін атқарды.

2013-2016 жылдары ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында түрлі позицияларда жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары – «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында – ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі-аппарат басшысы.

Осы тағайындалғанға дейін, 2021 жылдың ақпан айынан бастап «QazTrade»  сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Нұралы Бөкейханов «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы»  АҚ-ның  Бас директоры Азамат Асқарұлының орнына келді, А. Асқарұлының өкілеттігі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің бұйрығына сәйкес тоқтатылған болатын.

Анықтама:

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы»  АҚ – экспорттаушыларға шығындардың бір бөлігін өтеу, қазақстандық шикізаттық емес өнімді өткізу саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade» АҚ-ның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.