«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы мен Enterprise Singapore арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобтың Қазақстанға сапары аясында өтті. Тараптар іскерлік байланыстарды кеңейту, сауда, инфрақұрылымды дамыту және білім беру саласында тәжі
Құжатқа «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Нұралы Бөкейханов және Enterprise Singapore жаһандық нарықтар жөніндегі бас директордың орынбасары қол қойды.
«Меморандум жасасу – елдеріміз арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік орнатудағы маңызды қадам. Ол бизнесті дамыту үшін жаңа перспективалар ашады және қазақстандық тауарлардың Сингапур нарығына шығуына ықпал ететін болады. Құжат Қазақстанның логистика секторына инвестицияларды, азық-түлік өнімдері мен ингредиенттер экспортын, сондай-ақ Smart City-ді дамыту жөніндегі шешімдерді қоса алғанда, кең ауқымды салаларды қамтиды”, – деді “QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы” АҚ-ның Бас директоры Нұралы Бөкейханов.
Компания өкілдері компанияларға экспорттық әлеуетті, инновациялық мүмкіндіктерді арттыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ озық тәжірибелер мен технологиялармен алмасуға дайын екендіктерін білдірді.
Тараптар жақын арада келісімді іске асыруға кірісуге ниетті.