«QazTrade» АҚ өкілдері Маңғыстау облысының кәсіпорындары үшін экспорт мәселелері туралы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
24 маусымда QazTrade «Атамекен» өңірлік палатасының қолдауымен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрмесі аясында «Өңірде кәсіпкерлікті дамыту перспективалары» пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Сондай-ақ, іс-шараға «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.
Ашық диалог форматында «QazTrade» АҚ Басқарушы директоры Айбек Сағынаев шикізаттық емес экспортты қолдау құралдарын егжей-тегжейлі таныстырды, сондай-ақ өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Бірқатар кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ экспортты қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларына қатысуға ниет білдіріп, жеке кеңес алды.
25 маусымда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында Маңғыстау облысының экспортқа бағдарланған компанияларымен өңірдің әкімдігі мен бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кеңес барысында қатысушыларға отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың қаржылық, консультациялық-талдамалық, сервистік шаралары, сондай-ақ экспорт бойынша шығындарды өтеу тәртібі таныстырылды.
Аймақтың экспорттаушылары қазірдің өзінде QazTrade-пен ынтымақтасатып қолдау шараларын қолданады. «Ақтау құбыр өнімдері зауыты» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «MAGA-BREAD» ЖШС және А.К. Нұғманова ЖК экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары болды. «Жамал-ай ЛТД» ЖШС компаниясы Alibaba электрондық сауда алаңында «Алтын» аккаунт алды. Екі компания («ҚазАзот» АҚ және «Каспий Цемент» ЖШС) өтеу құралының арқасында логистика мен өнімді шетелдік нарықтарға жылжытуға жұмсалған шығыстардың бір бөлігін қайтарып алды. Сонымен қатар, экспортқа бағдарланған кәсіпорындар QazTrade ұйымдастырған сауда-экономикалық миссияларға қатысады.
Сапар барысында Маңғыстау облысының 10-ға жуық кәсіпорнына барып, олармен мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы шетелдік нарықтарға өнімді өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осылайша, QazTrade «Topan Chemical Industries» ЖШС химия зауытын іске қосқаннан кейін каустикалық сода, тұз қышқылы және басқа да реагенттерді сыртқы нарықтарға өткізуге ықпал ететін болады. Аталған зауытта химиялық өнім өндіру маңызды өнеркәсіптік реагенттер импортын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді және Қазақстан мен жақын шетелдердің кәсіпорындарын отандық өндірістің сапалы химиялық өнімімен қамтамасыз етеді. Бұл зауыт өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын кальцийленген соданың бірегей өндірушісі болады.
Мұнай-газ және бұрғылау жабдықтарын өндіруші «OSS Kazakhstan» ЖШС-не Ресей Федерациясы мен Өзбекстан нарықтарына шығу бойынша талдамалық қолдау көрсетілетін болады.
«КазАзот» АҚ аммиак және аммиак селитрасын өндіруші болып табылады, өзінің сапалы өнімінің арқасында компания бірқатар шет елдерден үлкен сұранысқа ие. QazTrade-пен бірлесіп экспортқа бағдарланған жаңа жобаларды іске асыру бойынша талдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сондай-ақ өңірдің экспортқа бағдарланған жобаларының бірі «Fiberglass Tank Production» ЖШС компаниясының өндірісі болады. Бұл жоба химиялық өнімдерді, соның ішінде күшті қышқылдарды тасымалдау және сақтау үшін шыны талшықтан жасалған ұтқыр сыйымдылықтарды өндіруге мүмкіндік береді.
«WestEcoPlast» ЖШС полипропиленнен өнеркәсіптік пайдалану өнімдерін шығарады. Компания өз өнімдерін таяу шетел нарықтарына өткізуге мүдделі.
«Ақтау Агро» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасы таяу шет елдерге тауық еті мен түйіршіктелген құрама жемді экспорттауды бастауды жоспарлап отыр.
«PCM Kazakhstan» ЖШС бұрандалы сорғылар мен сервистік қызмет көрсетудің бірлескен қазақстан-француз өндірісі жақын арада Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағының аумағында өз қызметін бастайды. Бұл кәсіпорын Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі ірі хабқа айналуы ықтимал. QazTrade өз кезегінде кәсіпорынға экспортқа шығуға көмектесуге дайын.