QazTrade Enterprise Singapore компаниясымен ынтымақтастық орнатуда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade Enterprise Singapore компаниясымен ынтымақтастық орнатуда

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы сингапурлық бизнес федерациясының (SBF) және Сингапурдың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Enterprise Singapore мемлекеттік агенттігінің басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесуге «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Kazakh Invest» ҰК басшылары да қатысты.

SBF сауда, инвестициялар және өндірістік қатынастар саласында сингапурлық бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін қорғайтын жоғары бизнес-палата болып табылады. SBF мүшелері 0,5 млн. синг долл. мөлшеріндегі жарғылық капиталы бар Сингапурда тіркелген барлық компаниялар болып табылады.– 27  мыңнан астам компания. SBF мүшелерге бизнес-миссияларға және бизнес-делегациялардың сапарларына қатысу арқылы байланыс орнатуға және дамушы нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.

Enterprise Singapore кәсіпкерлікті дамытуға жауап береді, мүдделі компанияларға қуаттылықты, инновациялық мүмкіндіктерді және интернационалдандыруды арттыруға жағдай жасайды және көмек көрсетеді. Негізгі міндет жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті сингапурлық кәсіпорындармен экономика құру болып табылады. Сонымен қатар, Сингапурдың жаһандық сауда мен стартаптар хабы ретіндегі имиджін ілгерілету жөніндегі міндет шешілуде.

Тараптар екіжақты сауданы жандандыру үшін қолайлы логистикалық бағыттарды құру бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады, екі елдің сауда-тауар перспективалары туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ экспортқа бағдарланған кәсіпкерлікті институционалдық қолдау бөлігінде ақпарат алмасуға келісті.

– Қазақстанға бизнесті шетелде ілгерілету бойынша Сингапурдың тәжірибесі қызық. QazTrade қазақстандық шикізаттық емес экспортты қолдау мен дамытудың бірыңғай операторы ретінде сыртқы нарықтарға экспансиялар бойынша сингапурлық әріптестердің практикасын зерделеуге және экспорттаушыларды консультациялық қолдауға мүдделі. QazTrade базасында өткен жылы біз экспорттағы жаңа бастаған және озық кәсіпкерлерді әртүрлі елдердің нарықтарының ерекшеліктеріне және қандай да бір тауарды экспорттау кезіндегі нәзіктіктерге оқыта отырып, білім беру академиясын іске қостық. Компания «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында тауарды экспортқа дамыту және ілгерілету бойынша терең жұмыс жүргізуде. Біз өз жұмысымызды басқа елдердің, соның ішінде Сингапурдың табысты тәжірибесінің мысалында құрудамыз. Мысалы, бастаушы кәсіпкерлер үшін тәлімгерлік тәжірибесі мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте қызықты, – деп Азамат Асқарұлы кездесу қорытындысына түсініктеме берді.

Келіссөздер барысында QazTrade, Сингапур бизнес федерациясы және Enterprise Singapore жергілікті кәсіпкерлерді қызықтыратын өнімдердің жекелеген түрлерін экспорттаушылар тізімімен алмасуға, сондай-ақ екі елдің нарығына тауарларды жылжыту аясында бір-біріне ақпараттық қолдау көрсетуге келісті.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Сингапурдың сауда-экономикалық миссияларын өзара алмасу үшін өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ағымдағы жылдың күзінде Алматы қаласында Сингапурдың бизнес-миссиясын өткізу жоспарланған.

Пікір қалдыру