20 маусымда Алматыда «Ақылды экспорт» 2.0 бизнес-семинарының аясында бастаушы экспорттаушылар үшін бірінші көшпелі семинар өтті. Бұл шараға тамақ, машина жасау, химия, тоқыма және басқа да салалардағы қазақстандық өндірушілердің 50-ден астам өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар экспорттың кедендік рәсімімен, тарифтік емес реттеудің қолданыстағы шараларымен танысты. Олар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды сыныптау, тауарларды әкетудің кедендік рәсімін тіркеу сияқты мәселелерге тоқталды.
Семинардың екінші бөлігінде кедендік декларацияны толтыру бойынша тәжірибелік сабақ өтті. Компаниялар «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы кедендік декларацияны өз бетінше толтыра алды.
Бизнес-семинар аясында 21-24 маусымды қоса алғанда, жаңадан бастаған экспорттаушыларға арналған вебинарлар сериясы өтеді. Толық ақпарат smartexport2022.qaztrade.org.kz сілтемесі арқылы алуға болады.
Жыл соңына дейін бизнес-семинар аясында онлайн форматта тақырыптық вебинарлар және 2 аймақтық семинарлар өткізу жоспарлануда. Бұл ретте семинардың мазмұны қатысушылардың шеберлік деңгейлеріне қарай бөлінеді.
Орта деңгейлі экспорттаушылар үшін оқыту алдын ала 1-10 тамыз аралығында өтеді. Тәжірибелі экспорттаушылар үшін оқу қазан айының бірінші онкүндігінде қолжетімді болады.
2021 жылы «Ақылды экспорт» бизнес семинарына 400-ден астам экспорттаушы компаниядан 900-ден астам қатысушы қатысты. Олар 23 жаттықтырушы, халықаралық және жергілікті сарапшылардың қатысуымен 8 күндік онлайн оқыту курсынан өтті. Бұл бағдарламада олар заманауи шындық талаптарына бір қадам жақындау мақсатында өзекті мәселелермен танысты. 2021 жылға арналған курс материалдары www.qaztradeacademy.kz сайтында қолжетімді.