QazTrade әзірбайжан бизнесімен жалпы сомасы 50 млн.АҚШ доолларын құрайтын бірқатар келісімшарттарға қол қоюға көмектесті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade әзірбайжан бизнесімен жалпы сомасы 50 млн.АҚШ доолларын құрайтын бірқатар келісімшарттарға қол қоюға көмектесті

А.ж. 24 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Әзірбайжан Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Іскерлік кеңес алаңында «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры А.Асқарұлы Әзірбайжан Республикасының Экспорт және инвестицияларды ынталандыру агенттігімен сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеуге, сонымен қатар екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара қарым-қатынас жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар енгізілетін Жол картасын әзірлеуге келісті.

Сонымен қатар, QazTrade қазақстандық компаниялармен, экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушылармен, «Масло-Дел» ЖШС-мен және «Cool Infinity» ЖШС-мен бірлесіп,Veliyev Nahid Abbas oglu «Tayqa Trade» ЖК және «Foodcity Alliance» ЖШҚ-мен май өнімдерін және рефрижераторлық вагондардың өнімдерді жеткізуге жалпы сомасы 11 млн. доллар болатын екі үш жақты құжатқа қол қойды

Ағымдағы жылдың маусым айында өткен сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы $38,7 млн. АҚШ. долларға қазақстандық өнімді жеткізу туралы 9 экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстандық ферросилицийді, тыңайтқыштарды, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін әзірбайжан нарығына одан әрі жеткізу туралы келіссөздер жалғасуда.

Пікір қалдыру