Қазақстанның Ресеймен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара сауда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның Ресеймен 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі өзара сауда

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 9,6 млрд. АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға төмен (10,7 млрд. АҚШ долл.).

Өзара сауда көрсеткіштері

млн. АҚШ долл.2019 жылғы қаңтаршілде2020 жылғы қаңтаршілдеӨсім 2020/2019
Тауар айналымы10,79,6-10,6%
Экспорт3,12,5-19,4%
Импорт7,67,1-7%
Сауда балансы-4,5-4,6ухудшился

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан Ресейге экспорт 19,4%-ға төмендеп, 2,5 млрд. АҚШ долл. құрады.

Ресейге экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді: қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай илектелген жазық илек – 45,1%-ға немесе 111,1 млн. АҚШ долл. (246,1-ден 135,0 млн. АҚШ доллары), қара металдардың қалдықтары мен сынықтары – 71,8%-ға немесе 91,7 млн. АҚШ долл. (127,8-ден 36,1 млн. АҚШ долл.), темір кендері мен концентраттары – 16%-ға немесе 54,2 млн. АҚШ долл. (338,4-тен 284,2 млн. АҚШ долл.), өңделмеген мырыш – 57,8%-ға немесе 51,2 млн. АҚШ долл. (88,5-тен 37,3 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 36,6%-ға немесе 44,9 млн. АҚШ долл. (122,7-ден 77,8 млн. АҚШ).

Сонымен қатар, мынадай тауарларды жеткізудің өскені байқалады: бағалы металдар кендері мен концентраттары 94,1%-ға немесе 126 млн. АҚШ долл. (133,9-дан 259,8 млн. АҚШ долл.), жылжымалы құрам бөліктері – 4,2 есе немесе 55,5 млн. АҚШ долл. (17,6-дан 73,0 млн. АҚШ долл.), мырыш кендері мен концентраттары – 60,1%-ға немесе 20,7 млн. АҚШ долл. (34,5-тен 55,3 млн. АҚШ доллары), пластмассадан жасалған қалдықтар, кесінділер мен сынықтар – 12,4 есе немесе 12,8 млн. АҚШ долл. (1,1-ден 13,9 млн. АҚШ долл.), цианидтер – 15,1 есе немесе 7,4 млн. АҚШ долл. (0,5-тен 7,9 млн. АҚШ).

Қазақстаннан Ресейге экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: темір кендері мен концентраттары – 284,2 млн. АҚШ долл. (11,3% үлесімен), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 259,8 млн. АҚШ долл. (10,3%), мыс кендері мен концентраттары – 169,9 млн. АҚШ долл. (6,7%), уран – 161,6 млн. АҚШ долл. (6,4%), легирленбеген болаттан жасалған жазық илек – 136,6 млн. АҚШ долл. (5,4%), қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай басылған жазық илек – 135 млн. АҚШ долл. (5,4%), тас көмір – 106,1 млн. АҚШ долл. (4,2%), суықтай илектелген легирленбеген болаттан жасалған жазық илек – 95,3 млн. АҚШ долл. (3,8%), табиғи газ – 77,8 млн. АҚШ долл. (3,1%), жылжымалы құрам бөліктері – 73 млн. АҚШ долл. (2,9%). Ресейге 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде экспортталатын негізгі тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №1 кестеде көрсетілген.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Ресейден Қазақстанға импорт 7%-ға төмендеп, 7,1 млрд. АҚШ долл. құрады.

Ресейден импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: қара металдардан жасалған дәнекерленген құбырлар мен түтіктер – 69,7%-ға немесе 81 млн. АҚШ долл. (116,3-тен 35,2 млн АҚШ долл.), жүк немесе трамвай вагондары 62,6%-ға немесе 78,1 млн. АҚШ долл. (124,8-ден 46,7 млн. АҚШ долл.), жеңіл автомобильдер – 23,1%-ға немесе 52,6 млн. АҚШ долл. (227,7-ден 175,1 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 70,7%-ға немесе 40,8 млн. АҚШ долл. (57,7-ден 16,9 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер – 30,9%-ға немесе 39,2 млн. АҚШ долл. (126,9-дан 87,7 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған металл конструкциялары – 32,4%-ға немесе 26,6 млн. АҚШ долл. (82,3-тен 55,7 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 11,4%-ға немесе 25,7 млн. АҚШ долл. (225,3-тен 199,6 млн. АҚШ).

Сонымен қатар, мынадай тауарлар импортының өскені байқалады: өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) немесе ұнтақ түрінде – 54,6%-ға немесе 56 млн. АҚШ долл. (102,5-тен 158,5 млн. АҚШ долл.), автомобильдерге арналған қорыптар – 79%-ға немесе 47,5 млн. АҚШ долл. (60,1-ден 107,6 млн. АҚШ доллары), мұнай өнімдері – 20,1%-ға немесе 33 млн. АҚШ долл. (164,0-ден 197,0 млн. АҚШ доллары), рапс тұқымы – 14,2 есе немесе 28,3 млн. АҚШ долл. (2,1-ден 30,4 млн. АҚШ долл.), бидай – 4,7 есе немесе 28,2 млн. АҚШ долл. (7,6-дан 35,8 млн. АҚШ).

Қазақстанға Ресейден импорттың негізгі тауарлар мыналар болып табылады: табиғи газ – 99,6 млн. АҚШ долл. (үлесі 2,8%), мұнай өнімдері – 197 млн. АҚШ долл. (2,8%), жеңіл автомобильдер – 175,1 млн. АҚШ долл. (2,5%), өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) – 158,5 млн. АҚШ долл. (2,2%), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 134,3 млн. АҚШ долл. (1,9%), шиналар – 119,3 млн. АҚШ долл. (1,7%), қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар – 117,6 млн. АҚШ долл. (1,7%), кокс және жартылай кокс – 109,2 млн. АҚШ долл (1,5%). бидай-4,7 есе немесе 28,2 млн. АҚШ долл. (7,6-дан 35,8 млн. АҚШ долл.).2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі Ресейден импортталатын негізгі тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №2 кестеде көрсетілген.

Пікір қалдыру