Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі сыртқы сауда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі сыртқы сауда

Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі

2020 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Қазақстанның сыртқы саудасы 48,7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,7%  төмен (54,6 млрд. АҚШ долл.).

Қазақстанның сыртқы саудасының көрсеткіштері

млрд. АҚШ долл.2019 жылғы қаңтаршілде2020 жылғы қаңтаршілдеӨсім 2020/2019
Тауар айналымы54,648,7-10,7%
Экспорт33,028,6-13,3%
Импорт21,520,1-6,5%
Сауда балансы11,58,5нашарлады

Елдер бөлінісіндегі өзара сауда көрсеткіштері (млрд. АҚШ долл. )

ЕлдерТАЭкспортИмпортҮлесі
ТАЭкспортИмпорт
 Жалпы қорытынды48,728,620,1100,0%100,0%100,0%
1Ресей9,62,57,119,7%8,8%35,2%
2Қытай8,65,63,017,6%19,4%15,0%
3Италия4,64,10,59,5%14,4%2,5%
4Оңтүстік Корея3,50,72,87,2%2,5%14,0%
5Нидерланды2,01,90,14,1%6,6%0,7%
6Индия2,01,70,24,0%6,0%1,1%
7Түркия1,91,40,53,8%4,8%2,5%
8Франция1,51,10,43,1%3,9%2,0%
9Өзбекстан1,51,10,43,0%3,7%2,1%
10Швейцария1,00,90,12,1%3,3%0,5%
11Басқа елдер12,57,64,925,7%26,6%24,4%

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстаннан әлемге экспорт 13,3%-ға төмендеп, 28,6 млрд. АҚШ құрады.

Экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді: шикі мұнай – 16,2%-ға немесе 3061,1 млн. АҚШ долл. (18,9-дан 15,8 млрд. АҚШ долл.), табиғи газ – 17,1%-ға немесе 333,7 млн. АҚШ долл. (1 956,5-тен 1 622,8 млн. АҚШ долл.), мұнай өнімдері – 45,2%-ға немесе 324,3 млн. АҚШ долл. (718,0-ден 393,6 млн. АҚШ долл.), ферроқорытпалар – 16,3%-ға немесе 189,8 млн. АҚШ доллары (1 164,3-тен 974,5 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, уран сияқты тауарларды жеткізудің 46,1%-ға немесе 298 млн. АҚШ долл. (646,4-тен 944,4 млн. АҚШ долл.), мыс кендері мен концентраттары – 18,5%-ға немесе 124,5 млн. АҚШ долл. (673,8-ден 798,3 млн. АҚШ долл.), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 39,7%-ға немесе 110,1 млн. АҚШ долл. (277,5-тен 387,6 млн. АҚШ долл.), күміс 41,9%-ға немесе 85,3 млн. АҚШ долл.құрады (203,5-тен 288,8 млн. АҚШ долл.), бидай ұны – 30,7%-ға немесе 55,4 млн. АҚШ долл. (180,6-дан 236,0 млн. АҚШ долл.).

Қазақстаннан әлемге экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай-15,8 млрд. АҚШ долл. (55,2% үлесімен), табиғи газ – 1,6 млрд. АҚШ долл. (5,7%), мыс және мыс катодтары – 1,5 млрд. АҚШ долл. (5,3%), ферроқорытпалар – 974,5 млн. АҚШ долл. (3,4%), уран – 944,4 млн. АҚШ долл. (3,3%), мыс кендері мен концентраттары – 798,3 млн. АҚШ долл. (2,8%), бидай – 557,2 млн. АҚШ долл. (1,9%), мұнай өнімдері – 393,6 млн. АҚШ долл. (1,4%), бағалы металдардың кендері мен концентраттары – 387,6 млн. АҚШ долл. (1,4%), өңделмеген мырыш – 336,1 млн. АҚШ долл.құрады (1,2%). 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі негізгі экспортталатын тауарлар бойынша толығырақ ақпарат №1 кестеде көрсетілген.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Әлемнен Қазақстанға импорт 6,5%-ға төмендеп, 20,1 млрд. АҚШ долл. құрады.

Әлемнен импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді: электр қозғалтқыштары мен қондырғыларына бөліктер – 98,5%-ға немесе 370,9 млн. АҚШ долл. (376,5-тен 5,6 млн. АҚШ долл.), бу қазандары немесе басқа да бу өндіретін қазандар – 97,4%-ға немесе 284,8 млн. АҚШ долл. (292,5-тен 7,7 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 47,3%-ға немесе 236,3 млн. АҚШ долл.құрады (499,9-дан 263,6 млн. АҚШ долл.), басқа тауарлар – 97,6%-ға немесе 191,8 млн. АҚШ долл. (196,5-тен 4,7 млн. АҚШ доллары), қара металдардан жасалған дәнекерленген құбырлар мен түтікшелер – 80,1%-ға немесе 190,1 млн. АҚШ долл.құрады (237,3-тен 47,2 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 70,2%-ға немесе 157,2 млн. АҚШ долл. (223,8-ден 66,6 млн. АҚШ долл.), сұйық сорғылар – 38,4%-ға немесе 147,9 млн. АҚШ долл.құрады (384,6-дан 236,7 млн. АҚШ долл.).

Сонымен қатар, тоңазытқыштар, мұздатқыштар және тоңазытқыш жабдықтар сияқты тауарлар импортының өсуі байқалады – 8 есе немесе 715,2 млн. АҚШ долл. (102,4-тен 817,6 млн. АҚШ доллары), ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер – 2,9 есе немесе 541,8 млн. АҚШ долл. (281,7-ден 823,5 млн. АҚШ доллары), сыйымдылығы 300 л-ден астам қара металдардан жасалған сыйымдылықтар 18,3 есе немесе 217,1 млн. АҚШ долл. (12,6-дан 229,6 млн. АҚШ доллары), құбырларға арналған арматура 68,1%-ға немесе 213,4 млн. АҚШ долл.құрады (313,4-тен 526,8 млн. АҚШ доллары), бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар – 27,4%-ға немесе 137,3 млн. АҚШ долл. (500,8-ден 638,1 млн. АҚШ долл.).

Қазақстанға әлемнің негізгі тауарлар мыналар болып табылады: ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер – 823,5 млн. АҚШ долл. (4,1% үлесімен), тоңазытқыштар, мұздатқыштар және тоңазытқыш жабдықтар – 817,6 млн. АҚШ долларын (4,1%), бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар – 638,1 млн. АҚШ долл. (3,2%), құбырларға арналған арматура – 526,8 млн. АҚШ долл. (2,6%), телефон аппараттары – 457,2 млн. АҚШ долл. (2,3%), жеңіл автомобильдер – 405,4 млн. АҚШ долл. (2%), центрифугалар, сұйықтықтарды немесе газдарды сүзуге арналған жабдықтар мен құрылғылар – 327,3 млн. АҚШ долл. (1,6%), қара металдардан жасалған жіксіз құбырлар, түтіктер және бейіндер- 309,4 млн. АҚШ долл.құрады (1,5%). 2020 жылғы қаңтар-шілде кезеңінде импортталатын негізгі тауарлар бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат №2 кестеде көрсетілген.

Пікір қалдыру