ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ІСКЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ НАЗАРЛАРЫНА!!! - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ІСКЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ НАЗАРЛАРЫНА!!!

2021 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен Ресейдің әлеуетті сатып алушылары арасындағы сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу.

«QazTrade» АҚ мынадай шығындарды жабады:

– СЭМ өткізу үшін жабдықталған конференц-залды жалға алу;

– СЭМ өткізу күні кофе-брейк және түскі ас ұйымдастыру;

– Қазақстандық қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және СЭМ өткізудің ресми мерзімінде ғана);

– Қазақстандық қатысушылардың болу еліне трансфері.

СЭМ қатысу мәселелері бойынша төменде көрсетілген байланыстар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз:

Бейсеков Әнуар, +7701 783 78 91, anuarbeisekov@gmail.com

СЭМ-де тіркелуге мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады:https://forms.gle/Vr2vjvKQisHs1PVr5

Пікір қалдыру