Қазақстандық компаниялар Оралдағы Байланыс биржасында 61 млн доллар көлемінде келісімдер жасады - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық компаниялар Оралдағы Байланыс биржасында 61 млн доллар көлемінде келісімдер жасады

QazTrade Қазанда сауда-көрме алаңын ашып, ресейлік бөлшек сауда желілеріне жеткізуді кеңейтеді

Орал қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында Байланыс биржасы өтті.
Маңызды іскерлік алаң екі елдің 100-ден астам компаниясын біріктіріп, 61 млн доллар сомасына келісімдерге қол қоюмен аяқталды.
B2B форматы қатысушыларға өз жобаларын таныстырып, бірден келіссөздерден келісімшарттарға көшуге мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық және ресейлік компаниялар өзара сауданы дамытуға және бірлескен өндірістік бастамаларды іске қосуға жоғары қызығушылық танытты.
Форумның маңызды нәтижелерінің бірі — QazTrade пен Ресейдің «БОЛАШАК» компаниясы арасында Қазанда қазақстандық өндірушілердің сауда-көрме алаңын құру туралы меморандумға қол қойылуы.
Жаңа формат отандық экспорттаушыларға Ресейдің орталық бөлігінде өз өнімдерін таныстыруға және аймақтық бөлшек сауда желілеріне жүйелі түрде дистрибуция орнатуға мүмкіндік береді.

«Біз қазақстандық өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасап, елдің экспорттық белсенділігінің артуына үлес қосып келеміз.
Форум Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың нақты нәтижелерге жеткізетінін көрсетті»,
— деді QazTrade басқарушы директоры Беріг Ахметов.

«БОЛАШАК» ЖШС директоры Рустам Сафиулиннің айтуынша, QazTrade-пен әріптестік қазақстандық тауарларды Ресейге жеткізудің тұрақты арнасын құруға мүмкіндік береді:
«Біз Қазақстаннан келетін сапалы өнімге тұрақты сұраныс барын көріп отырмыз және оның елдің негізгі өңірлерінде ұсынылуын қамтамасыз етуге дайынбыз».
Байланыс биржасы аясында QazTrade пен Ресейдің «Караван» ЖШС арасында қазақстандық тауарларды ресейлік бөлшек сауда желілеріне жеткізуді кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік меморандумы да жасалды.
QazTrade экспорттық акселерация тобының жетекшісі Алмас Ихсанов бұл құжат екі ел арасындағы экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті.

«Қазақстандық тауарларды Ресей супермаркеттерінің сөрелеріне шығару арқылы біз отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз және ресейлік тұтынушыларды бәсекеге қабілетті бағадағы сапалы өніммен қамтамасыз етеміз», — деп атап өтті ол.
Байланыс биржасы тағы да тікелей іскерлік диалогтың тиімділігін көрсетті: келіссөздерден — келісімшарттарға.
Қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Ресей арасындағы сауданың оң динамикасын және бизнестің ынтымақтастықты практикалық дамытуға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын дәлелдейді.