«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ МТИ жанынан Қазақстанның Ayurveda & Organic Expo 2025 екінші Халықаралық көрмесіне ұлттық қатысуын ұйымдастырды.

Қазақстанның елдік стендінде «Экспортты акселерациялау – 2025» бағдарламасына қатысушы компаниялар ұсынылды:
«Lemonadoff Food» – жемістер мен шөптер негізінде табиғи лимонадтар мен функционалды сусындар өндіруші. Компания экологиялық таза өндіріс пен жергілікті шикізатты пайдалануға баса назар аударады және өнімін салауатты өмір салтының бөлігі ретінде позициялайды. Жоспарларында – Орталық Азия және Таяу Шығыс нарықтарына шығу.
«SHERSTNEV GROUP» – заманауи кондитерлік фабрика, шоколад, конфет және печенье шығарады. Өнімдер ерекше дәмдері мен тартымды қаптамасымен ерекшеленеді. Компания экспортқа сертификаттау жұмыстарын белсенді жүргізіп, Еуропа мен Қытайдағы сауда желілерімен серіктестік орнатуды қарастырады.
ЖШС «Кушжанова Арсена Улановна» – табиғи сүт және ет өнімдеріне маманданған фермерлік шаруашылық. Кәсіпорын экологиялық таза өндіріс пен «фермадан дастарқанға» тікелей жеткізуге мән береді. Шетел нарықтарына фермерлік ірімшік пен өңделген өнімдер әсіресе қызықты.
«Harvest FS» – табиғи және органикалық азық-түлік өндіруші. Компанияның ассортиментінде дәнді дақылдар, ұн, майлы дақылдар және өңделген өнімдер бар. Harvest FS экспорттық жеткізулер тәжірибесіне ие және Азия елдерінде қатысуын кеңейтуді мақсат етеді.
ЖШС «САТ» – фиточайлар, табиғи майлар және биологиялық белсенді қоспаларды қоса алғанда, салауатты өмір салтына арналған өнімдер шығаратын кәсіпорын. Компания ұлттық фитотерапия дәстүрлерін белсенді пайдаланады және өнімді wellness және organic сегментінде позициялайды.
Қазақстандық өнімдер Үндістан, Орталық Азия және Еуропа елдерінің дистрибьюторлары мен сауда желілерінің үлкен қызығушылығын тудырды.
Ресми ашылу рәсімінде QazTrade өкілі сөз сөйлеп, қазақстандық өнімдердің бәсекелестік артықшылықтарын – экологиялық таза және халықаралық стандарттарға сай болуын атап өтті. Экспозицияны аралау барысында Үндістан Республикасының Елшісіне ұлттық стенд және қазақстандық өндірушілердің өнімдері таныстырылды.
Көрме қазақстандық брендті ілгерілету, іскерлік байланыстарды дамыту және шикізаттық емес экспорттың географиясын кеңейту үшін маңызды алаңға айналды. Алынған нәтижелер «Экспортты акселерациялау – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды қадам болады.
Сыртқы серіктестермен келіссөздер нәтижесінде қазақстандық органикалық және экологиялық таза өнімдерге сұраныстың артқаны тіркелді. Бұл қазақстандық өндірушілерге жаңа сату арналары ашылып, нақты экспорттық келісімшарттардың алда тұрғанын білдіреді.




