Қазақстандық бренд ТНТ телеарнасына ең ірі интеграциясымен шықты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық бренд ТНТ телеарнасына ең ірі интеграциясымен шықты

Алматылық foodtech-компания өзінің «TiRREX» брендін ТНТ телеарнасында таныстырды. Компания деректеріне сәйкес, бұл – Орталық Азиядан күнделікті сұраныстағы тауарлар санатындағы өнімнің осындай деңгейдегі халықаралық ойын-сауық алаңында алғаш рет ұсынылуы.

«TiRREX» ресми демеуші ретінде ресейлік аудиторияға арналған ең рейтингі жоғары жобалардың бірі – «Однажды в России» шоуына шықты. Бағалауларға сәйкес, интеграция ТМД елдерінде, Еуропада, Азияда және спутниктік пен онлайн-трансляция қолжетімді басқа да өңірлерде 80 млн көрерменге дейін қамтиды.

«TiRREX» брендімен шығарылған өнім жаңа буын сусыны ретінде ұсынылады және жайлы демалыс үшін әзірленген. Компания ақпаратына сәйкес, формула ғылыми зерттеулер негізінде жасалған және алкоголь қабылдағаннан кейін ағзаға түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ белсенді өмір салтын қолдауға бағытталған.

Harvest Food Science компаниясында бұл жобаның QazTrade-тің «Экспорттық акселерация 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысу нәтижесінде мүмкін болғанын атап өтті.

QazTrade басқарушы директоры Айгүл Амирбекованың айтуынша, бұл – Қазақстаннан шыққан алғашқы жаппай FMCG-бренд, осындай ауқымды алаңға жол ашқан. Бұл тәжірибе шетел нарығына шығуды жоспарлап отырған басқа да отандық компанияларға үлгі бола алады.