Қазақстан-Сингапур брифингі «Астана» АХҚО алаңында өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан-Сингапур брифингі «Астана» АХҚО алаңында өтті

Қазақстан мен Сингапур арасындағы белсенді дипломатиялық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде QazTrade сингапурлық бизнесмендермен өткен брифингке қатысты.

Іс-шара 22 мамырда «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында өтті.

Брифинг барысында АХҚО-ның басқарушы директоры Нұрлан Тойымбек, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Жандос Темірғали, «QazTrade» ССДО» АҚ-ы Экспортты ілгерілету департаменті директорының орынбасары Ернар Бақтияров және «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы директоры Ержан Елекеев халықаралық сауданың өсуін ынталандыруға және экспорттық нарықтардың географиясын кеңейтуге бағытталған Қазақстандағы экспортты қолдаудың мүмкіндіктері мен қолданыстағы бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

 

Qaztrade сарапшысы логистика, маркетинг, тауарлар мен технологияларды ілгерілету, электрондық коммерцияны дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлерге консультациялық қолдау көрсету саласындағы кешенді шешімдер мен қызметтердің нұсқаларын ұсынды.

Өз кезегінде сингапурлық тарап біздің елдеріміз арасындағы сауда ынтымақтастығының алдағы перспективаларына қызығушылық танытты.

Сингапур – дамыған нарықтық экономикасы бар ел, оның гүлденуі инфрақұрылымдық шешімдерді белсенді енгізудің және логистикалық мүмкіндіктерді арттырудың нәтижесінде болды. Сондықтан қазақстандық экспорттаушылар үшін Сингапур нарығына шығу тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, демек, сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Желіде сингапурлық компаниялар инфрақұрылымдық және логистикалық шешімдерді дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

 

Пікір қалдыру