Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жанынан «QazTrade Alliance» құрылды. - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жанынан «QazTrade Alliance» құрылды.

«QazTrade Alliance» негізгі мақсаты — ұлттық экспорттық саясатты қалыптастыруға қатысу үшін экспортқа бағытталған бизнесті бірыңғай платформада біріктіру. Альянс — ірі өндірушілер мен жаңа бастаған стартаптар өз ұсыныстарын білдіріп, елдің экспорттық стратегиясын іске асыруға қатыса алатын ашық алаң.

«QazTrade Alliance» президенті болып Манасбаева Бахыт Парланқызы тағайындалды. 2008 жылдан бастап ол «Тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары және «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы» РҚБ вице-президенті қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясында және жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарған. Ол еліміздің өнеркәсібі мен экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Еңбек даңқы» I, II және III дәрежелі медальдарымен марапатталған.

Қазақстан экспорттаушылары форумы экспортты дамыту стратегияларын талқылау, жаңа іскерлік байланыстар орнату және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың қазақстандық тауарлар мен қызметтердің халықаралық нарықтардағы орнын нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.