Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте бейнеконференц байланыс режимінде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының 7-отырысы өтті.
Отырыс ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың және Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Бидьют Бехари Свейн мырзаның тең төрағалығымен өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Үндістанның Төтенше және Өкілетті елшілері, сондай-ақ екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары қатысты.
Қ. Төребаев өзінің алғы сөзінде атап өткендей, Қазақстан Үндістанмен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлкен мән береді және Жұмыс тобының кездесуі келесі жылы Мемлекет басшысының Үндістанға сапарына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады.
Отырыста қызметтің түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Негізгі іс-шаралар көрініс тапқан сауда, инвестициялар, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және т.б. сияқты салалар, оларды іске асыру өзара сауда көлемінің ұлғаюына оң әсер етуі тиіс.
Талқылау барысында қазақстандық тарап үнді тарапын металлургия, тамақ, химия, машина жасау өнеркәсібі және құрылыс тауарлары сияқты салаларда жалпы сомасы 271,4 млн. $ құрайтын 60 тауарды жеткізу есебінен Қазақстанның экспорттық әлеуетін ұлғайту мүмкіндігімен таныстырды.
Бұдан басқа, қазақстандық тарап үнді тарапына Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен Иран арқылы Үндістанға оңтайлы жеткізу мерзімімен мультимодальды логистикалық сервисті ұйымдастыру бойынша қызмет ұсынды.
Сонымен бірге, Қазақстан мен Үндістанның өнеркәсіптік кооперациясын одан әрі дамыту мақсатында біздің тарап Оңтүстік Азияны (Ауғанстан, Үндістан) Орталық Азия мен Еуропа, Орал, Сібір және Қиыр шығыс өңірлерімен байланыстыратын «Солтүстік-Оңтүстік» Орталық Азия көлік-транзиттік экономикалық дәлізін дамыту туралы бірлескен зерттеу жүргізуді ұсынды.
2019 жылы Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд. АҚШ долл. $ құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 55,8%-ға жоғары (1,2 млрд. долл. $).
Қазақстаннан Үндістанға экспорт 2019 жылы 65%-ға өсіп, 1,6 млрд. долл. $ құрады.
Үндістаннан Қазақстанға импорт 2019 жылы 20,1-ға өсіп, 291,6 млн. долл. $ құрады.
2020 жылдың 7 айында тауар айналымы 2,2 есеге артып, 2 млрд. долл. $ құрады (2019 жылғы қаңтар-шілде – 0,9 млрд. долл. $). Қазақстаннан Үндістанға экспорт оң динамиканы көрсетті – өсім 2,4 есе. (1,7 млрд. долл.$ құрады).