Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 8,1 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 10,6%-ға төмен (9,0 млрд. АҚШ).
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көрсеткіштері
млрд. АҚШ долл. | 2019 жылғы қаңтар–маусым | 2020 жылғы қаңтар-маусым | Өсім 2020/2019 |
Тауар айналымы | 9,0 | 8,1 | -10,6% |
Экспорт | 2,6 | 2,1 | -20,4% |
Импорт | 6,4 | 6,0 | -6,6% |
Сауда балансы | -3,7 | -3,9 | ухудшился |
Қазақстаннан Ресейге экспорт 2020 жылғы қаңтар-маусымда 20,4% – ға төмендеп, 2,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
Ресейге экспорттың қысқаруы мынадай тауарлар жеткізілімінің төмендеуімен негізделеді: легирленбеген болаттан жасалған ыстықтай илектелген тегіс илек-47,9%-ға немесе 97,5 млн. АҚШ долл. (203,6-дан 106,1 млн. АҚШ долл.), қара металдардың қалдықтары мен сынықтары – 66,8%-ға немесе 69,3 млн. АҚШ долл. (103,7-ден 34,4 млн. АҚШ долл.), өңделмеген мырыш – 59,4%-ға немесе 45,3 млн. АҚШ долл. (76,3-тен 30,9 млн. АҚШ долл.), темір кендері мен концентраттары – 15,1%-ға немесе 42,8 млн. АҚШ долл. (283,1-ден 240,3 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 38,8%-ға немесе 40,9 млн. АҚШ долл. (105,3-тен 64,4 млн. АҚШ).
Сонымен қатар, мынадай тауарлар жеткізілімінің өсуі байқалады: қымбат металдардың кендері мен концентраттары – 89,3%-ға немесе 102,8 млн. АҚШ долл. (115,1-ден 217,9 млн. АҚШ долл.), жылжымалы құрамның бөліктері- 4,5 есе немесе 51,9 млн. АҚШ долл. (14,9-дан 66,8 млн. АҚШ долл.), мырыш кендері мен концентраттары – 68,3%-ға немесе 20,9 млн. АҚШ долл. (30,6-дан 51,5 млн. АҚШ долл.), пластмассадан жасалған қалдықтар, кесінділер және сынықтар – 13,3есе немесе 12,9 млн. АҚШ долл. (1,0-ден 13,9 млн. АҚШ долл.), титан және одан жасалған бұйымдар – 2,2 есе немесе 7,3 млн. АҚШ долл. (5,9-дан 13,2 млн. АҚШ).
Қазақстаннан Ресейге экспорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: темір кендері мен концентраттары – 240,3 млн. АҚШ долл. (11,4% үлесімен), бағалы металдардың кендері мен концентраттар – 217,9 млн. АҚШ долл. (10,3%), мыс кендері мен концентраттары – 154,3 млн. АҚШ долл. (7,3%), уран – 119,3 млн. АҚШ долл. (5,7%), легирленбеген болаттан жасалған апталған тегіс илек – 114,3 млн. АҚШ долл. (5,4%), қоспаланбаған болаттан жасалған ыстықтай илектелген тегіс илек-106,1 млн. АҚШ долл. (5%), тас көмір – 93,1 млн. АҚШ долл. (4,4%), легирленбеген болаттан жасалған суықтай илектелген тегіс илек – 77 млн. АҚШ долл. (3,7%), жылжымалы құрамның бөліктері – 66,8 млн. АҚШ долл. (3,2%), табиғи газ – 64,4 млн. АҚШ доллары (3,1%).
2020 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар туралы толығырақ ақпарат №1 кестеде көрсетілген.
2020 жылғы қаңтар-маусымда Ресейден Қазақстанғаимпорт 6,6%-ға төмендеп, 6,0 млрд. АҚШ долларын құрады.
Ресейден импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді, темір жол немесе трамвай жүк вагондары 68,2%-ға немесе 74,8 млн. АҚШ долл. (109,7-ден 34,9 млн. АҚШ долл.), қара металдардан жасалған дәнекерленген құбырлар мен түтіктер – 68,6%-ға немесе 61,9 млн. АҚШ долл. (90,1-ден 28,3 млн. АҚШ долл.), жеңіл автомобильдер – 26%-ға немесе 49,3 млн. АҚШ долл. (189,2-ден 139,9 млн. АҚШ долл.), жүк автомобильдері – 79,6%-ға немесе 43,4 млн. АҚШ долл. (54,5-тен 11,1 млн. АҚШ долл.), қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және жіксіз профильдер – 31,8%-ға немесе 36,4 млн. АҚШ долл. (114,3-тен 77,9 млн. АҚШ долл.), өздігінен жүрмейтін темір жол немесе трамвай вагондары – 99,6%-ға немесе 25 млн. АҚШ долл. (25,1-ден 0,1 млн. АҚШ долл.), табиғи газ – 11,1%-ға немесе 23 млн. АҚШ долл. (207,9-дан 184,9 млн. АҚШ долл.).
Сонымен қатар, мынадай тауарлар импортының өскені байқалады, өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) – 56,4%-ға немесе 45,3 млн. АҚШ долл. (80,2-ден 125,5 млн. АҚШ долларына), автомобильдерге арналған шанақтар – 66%-ға немесе 34,4 млн. АҚШ долл. (52,1-ден 86,5 млн. АҚШ долл.), темекі және оның алмастырғыштары, темекі сығындылары мен эссенциялары – 2,1 есе немесе 33,3 млн. АҚШ долл. (31,3-тен 64,6 млн. АҚШ долл.), мұнай өнімдері – 22,6%-ға немесе 31,9 млн. АҚШ долл. (141,2-ден 173,2 млн. АҚШ долл.), рапс тұқымы-14,3 есе немесе 28,1 млн. АҚШ долл. (2,1-ден 30,2 млн. АҚШ долл.).
Ресейден Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары мыналар болып табылады: табиғи газ – 184,9 млн. АҚШ долл. (үлесі 3,1%), мұнай өнімдері – 173,2 млн. АҚШ долл. (2,9%), жеңіл автомобильдер – 139,9 млн. АҚШ долл. (2,3%), өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан гальваникалық жабыны бар алтынды қоса алғанда) – 125,5 млн. АҚШ долл. (2,1%), бағалы металдардың кендері мен концентраттары-117,6 млн. АҚШ долл. (2%), легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар – 103 млн. АҚШ долл. (1,7%), шиналар – 97,4 млн. АҚШ долл. (1,6%), кокс және жартылай кокс – 92,4 млн. АҚШ доллары (1,5%). Ресейден 2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында негізгі импортталатын тауарлар туралы толығырақ ақпарат №2 кестеде көрсетілген.
№1 кесте – ҚР-дан Ресейге негізгі экспортталатын тауарлар
№ 2 кесте – Ресейден ҚР-ға негізгі импортталатын тауарлар