Қазақстан мен Эфиопия өзара тиімді бизнес-жобаларды талқылауда - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан мен Эфиопия өзара тиімді бизнес-жобаларды талқылауда

Бүгін «QazTrade» АҚ-ның қолдауымен ҚР СІМ алаңында Эфиопиядан келген делегациямен кездесу өтті, оған отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер қатысты.

Эфиопия делегациясын Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Сыртқы істер министрі, Елші Месгану Арга басқарды.

Қазақстандық тараптың атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш, «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Асель Егембердиева, сондай-ақ кәсіпкерлер: құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, тыңайтқыштарды өндірушілер, IT-қызметтерді жеткізушілер қатысты.

Пікір қалдыру