Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190,8 млн долларға келісімшарттар жасасты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190,8 млн долларға келісімшарттар жасасты

2-5 тамыз аралығында Қазақстанға Ауғанстаннан үлкен бизнес-делегация келді. Үкіметтік топтардың өкілдері мен Кабулдан келген кәсіпкерлер Астанадағы Қазақстан-Ауған іскерлік форумына қатысты.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту, экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Форум аясында QazTrade ұйымдастырған В2В келіссөздері өтті. Оларға металлургия, құрылыс, тыңайтқыштар өндіру, тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер сияқты салаларынан 150-ден астам қазақстандық компаниялар мен 200-ден астам ауған кәсіпкерлері қатысты.

Астанадағы іскерлік кездесулердің нәтижесінде екі елдің кәсіпкерлері арасында жалпы сомасы 190,8 млн долларға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге арналған барлығы 16 шарт жасалды, оның ішінде майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен Май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Ауғанстан қазақстандық өсімдік майының ең ірі импорттаушыларының бестігіне кіреді, бұл форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтарды растайды. Қол қойылған келісімшарттардың жалпы санының 9-ы май жеткізудің үлесіне тиеді.

Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, KazakhExport, ҚТЖ, Кедентранссервис, ҚМГ, екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстанның ірі жеке логистикалық компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты бизнес-кездесулер өтті.

Қазақстан-Ауған іскерлік форумы аясында Астанада алғаш рет Ауған тауарларының көрмесі өтті, онда қолдан жасалған кілемдер, тамақ өнімдері, кептірілген жемістер, дәмдеуіштер, зергерлік бұйымдар және т.б. ұсынылды. Екі күн ішінде көрмеге 1500-ден астам адам келді.

Пікір қалдыру