Астана Халықаралық форумы аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Рустам Асулбек пен Әзірбайжан Экономика министрлігі Экономикалық ғылыми-зерттеу институты Директорлар кеңесінің төрағасы Махир Хумбатов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат электрондық сауда, шағын және орта бизнесті дамыту, сауда саясаты және сауда кедергілерін жеңілдету саласындағы реформалар бойынша озат тәжірибелермен алмасуды көздейді. Тараптар, сондай-ақ, өзара іс-қимыл мен бизнес-кооперацияны кеңейту туралы уағдаласты.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында Бакуде Qaztrade ұйымдастырған қазақстандық тауар өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы барысында жалпы сомасы 55 млн долларға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.