Қазақстан-Иордания бизнес-форумы серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан-Иордания бизнес-форумы серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашты

Астанада Қазақстан-Иордания бизнес-форумы өтті. Оның мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарды кеңейту. Форум мемлекеттік органдардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының және екі елдің 150-ден астам компаниясының өкілдерін біріктіріп, тікелей диалог пен болашағы зор жобаларды талқылауға тиімді алаңға айналды.
<a href=»https://qaztrade.org.kz/kazahstansko-iordanskij-biznes-forwm-otkryl-novye-vozmozhnosti-dlya-partnerstva/2bc45f17-436c-48a9-b78c-1248e90c55da/#main» rel=»attachment wp-att-11344″><img class=»alignnone size-full wp-image-11344″ src=»http://qaztrade.org.kz/wp-content/uploads/2025/08/2bc45f17-436c-48a9-b78c-1248e90c55da-scaled.jpeg» alt=»» width=»2560″ height=»1920″ /></a>
2024 жылы Қазақстан мен Иордания арасындағы тауар айналымы 6,3 млн АҚШ долларына жетіп, 6,3%-ға өсті. 2005 жылдан бері Қазақстанға тартылған иорданиялық инвестициялар көлемі 15,4 млн АҚШ долларынан асты, елде 59 бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Форумның негізгі іс-шарасы инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған пленарлық сессия болды. Оған QazTrade экспортты дамыту жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Амирбекова модераторлық етті. Талқылау барысында сауданы әртараптандыру, инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және өнеркәсіп салаларындағы жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
<a href=»https://qaztrade.org.kz/kazahstansko-iordanskij-biznes-forwm-otkryl-novye-vozmozhnosti-dlya-partnerstva/db7e98eb-c31c-4e91-825e-2c19f487bb41/#main» rel=»attachment wp-att-11345″><img class=»alignnone size-full wp-image-11345″ src=»http://qaztrade.org.kz/wp-content/uploads/2025/08/db7e98eb-c31c-4e91-825e-2c19f487bb41.jpeg» alt=»» width=»1600″ height=»1068″ /></a>
Форум аграрлық, фармацевтикалық және қаржы салаларындағы келісімдер мен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қоюмен ерекшеленді. Маңызды нәтижелердің бірі – 2025 жылғы экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушыларын қоса алғанда, шамамен 100 қазақстандық және 50 иорданиялық компанияның қатысуымен өткен B2B-кездесулер сериясы болды. Сонымен қатар тараптар Иорданияға кері бизнес-миссия ұйымдастыруға уағдаласты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі Абдалла II сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуды ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп санайды. Мемлекет басшылары сауданы әртараптандырудың, инвестицияларды дамытудың және ауыл шаруашылығы, фармацевтика, логистика мен өнеркәсіпте бірлескен өндірістер құрудың маңыздылығын атап өтеді.