Qazaqapple отбасылық кәсіпорны, «Экспорттық акселерация 2025» бағдарламасының қатысушысы, әуежайдың халықаралық Duty Free аймағында шоколад кәмпиттерін сата бастады.
«Акселерация бағдарламасы экспортқа бағытталған компанияларды қолдауға, бизнестің өнімін халықаралық стандарттарға бейімдеуге және жаңа нарықтарды табуға бағытталған. Qazaqapple үшін бұл travel retail сегментіндегі алғашқы қадам, мұнда бренд шетелдік туристер арасында танымал болуды көздейді», – деп атап өтті QazTrade бағдарламасының операторы.

2025 жылы Экспорттық акселерация бағдарламасы аясында 120 компания іріктелді. Қатысушылар үшін оқу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тәжірибелі компаниялар үшін шетелдік сатып алушылармен байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде. Басым елдерге жауапты сарапшылар бекітіліп, олар нарықтарды зерттеуге, әлеуетті клиенттерді іздеуге және қатысушыларға консультациялық қолдау көрсетуге кірісті.
Qazaqapple Сиверс алмасынан (Malus sieversii) шабыттанған Qazaq Apple шоколад кәмпиттерін өндіреді — Алматының тау бөктерінде өсетін, қазіргі заманғы барлық алманың атасы болып саналатын ағаш. Ғалымдар дәл осы ағаштың ДНҚ-сы жаһандық селекцияның негізін қалағанын дәлелдеді.
«Біз Qazaq Apple Қазақстан үшін Австриядағы Mozartkugel сияқты елдің символына және мәдени мұрасының бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», – деп атап өтті компания өкілдері.

QazTrade деректеріне сәйкес, Duty Free-дегі іске қосылу халықаралық сатылымдарға алғашқы қадам болып табылады. Компания өкілдері өнімнің туристер арасында танымал болып, қазақстандық брендтің шетелде ілгерілеуіне ықпал ететініне сенеді.



