Абылдабеков Айдар Ахметбекұлы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Абылдабеков Айдар Ахметбекұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

Жалпы ақпарат, білімі
Айдар Абылдабеков 1970 жылы туған.

Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықтар достығы Қазақстан инженерлік–педагогикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы
1996 жылы еңбек жолын бастаған, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1998-2009 жж. – Қазақстан Республикасының кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.

2009-2010 жж. – Статистика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің департаменті бастығының орынбасары.

2010 жылғы қарашадан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ОҚО Статистика департаментінің бастығы.

2013-2018 жж. – ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ОҚО Статистика департаментінің басшысы.

2018-2021 жж. – ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Түркістан облысы бойынша Статистика департаментінің басшысы.

2021-2022 жж. – ҚР АСПИР БНС Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы.

2022 жылғы қаңтардан – ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы шілдеге дейін Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

2023 жылғы шілдеден 2025 жылғы тамызға дейін ҚР Сауда комитетінің төрағасы.

2025 жылғы тамыздан бастап – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2013 ж.)
  • «Құрмет» ордені (16.10.2023 ж.)
  • «Статистиканың үздігі» төсбелгісі (2012 ж.)
  • «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгісі (2023 ж.)
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.)
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.)
  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің Алғыс хаты (2024 ж.)